Все новости

Рухани жаңғыру аясында жас волейболшылар бақ сынады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астананың 20-жылдығы құрметіне білім қызметкерлерінің арасында аудандық волейбол турнирі өтті

2018 жылғы 3 ақпанда А.Шотаев атындағы Боровской орта мектебінің негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астананың 20-жылдығы құрметіне Меңдіқара ауданы білім беру мекемелерінің білім қызметкерлері арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды.

Жыл сайын өткізілетін мұндай жарыс осы аймақта әбден дәстүрге айналған. Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлбарам Сартайқызы Каленова қатысушылар алдында сөз алып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараға қатысқан барлық топтарды құттықтады және оларға табыс тіледі.

Турнирге 19 білім ұйымының атынан 20 топ және 150-ден артық адам қатысты. Аймақтық кездесулер Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің, аудандық Жасөспірімдер Спорт Мектебінің (ДЮСШ) және А.Шотаев атындағы Боровской орта мектебінің спорт алаңдарында өткізілді.

Нәтижесінде Михайлов, Введен және А.Шотаев атындағы Боровской орта мектептерінің өкілдері финалға шығып, бір бірімен кездесті. Олардың ойыны қызығушылық туғызды. Әр ойыншы жарыс барысында бар өнерін көрсетіп, жанкүйерлер де қолдауға деген күш-жігерін аямады.

Қорытындысында А.Шотаев атындағы Боровской орта мектебінің тобы бірінші орынға қол жеткізді. Олар былтыр да бірінші орынды иеленген еді. Жеңімпаз кубогы мектепте қалатын болды. Екінші орынды Михайлов орта мектебі, 3-орынды Введен орта мектебі иеленді. Іс-шаралар барысында  жеңімпаздарға түрлі мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді. Қатысушыларға да түрлі атаулар бойынша мақтау қағаздары берілді.

Осы жарысты ұйымдастырдудың енді бір мақсаты — қызметкерлердің салауатты өмір салтын дамыту және оның биік деңгейде болуына басымдылық беру еді. Қызметкерлердің өздері де көтеріңкі көңілде және сергектік сезімде болғандарын білдірді.

 

Меңдіқара ауданының білім қызметкерлерінің

кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.С.Каленова.

 

 

 

 

Реклама

Categories: Все новости

Tagged as:

Добавить комментарий