Все новости

Холокост құрбандарын еске алды

Торайғыров Павлодар Мемлекеттік Университетінде «Мерказ» еврей этномәдени бірлестігі өкілдерімен кездесу өтті.  ЖОО жанындағы Қазақстан халқы Ассемблеясы кафедрасы мен «Бірлік» студенттік ассамблеясы мұрындық болған іс-шара Холокост құрбандарын еске алуға арналды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында еврей халқына жасалған қастандық, осынау тарихи кезеңнің алғышарттары мен тарихи ерекшеліктері туралы сала мамандары, сарапшылар мен еврей этномәдени бірлестігінің мүшелері айтып берді.

«Бұл кезең тұтас бір халықты жаппай құрту ғана емес, геонцид құрбандарын жасырған адамдардың ерлігі екенін ұмытпауымыз керек. Бұл — адам болып туу ғана емес, адам болып қалу туралы тарихи сәт», — деп атап өтті «Мерказ» бірлестігінің белсендісі Даниил Колесников.

Жиналған қауым алдында сөз алған «Мерказ» еврей этномәдени бірлестігінің құрметті мүшесі, педагогикалық еңбек ардагері Хана Лобченко бүгінгі таңда жас буын өкілдерінің басым бөлігі Холокос ұғымын түсінбейтінін атап өтті. Хана Лобченко жастарға осы тарихи кезең және адамдардың тағдыры туралы кеңінен әңгімеледі.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Қазақстанда ғана емес, көптеген әлем елдерінде ұлттық геноцид құрбандарын еске алу бойынша маңызды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта ЭМО-та «Немереме айтып беремін» атты бағдарлама жүзеге асырылуда. Орталықтың жастары аға буын өкілдерінің әңгімелеріне қанық болып, өздеріне қажетті мағлұмат алады.

Жиын соңында азаматтар Холокос тақырыбы еврей халқы үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңызды деген байламға келді. Ендігі мақсат – осындай жағдайдың орын алуына жол бермеу.

 

В ПГУ почтили память жертв Холокоста

Встреча этнокультурного объединения Павлодарского областного центра еврейской национальной культуры «Мерказ» прошла в ПГУ имени С. Торайгырова. Мероприятие «Память во имя будущего» под эгидой кафедры Ассамблеи народа Казахстана и студенческой ассамблеи «Бірлік» приурочено Дню памяти жертв Холокоста.

О том, с какой жестокостью было организовано массовое уничтожение еврейского народа в годы Второй мировой войны, о его предпосылках и исторических особенностях рассказали историки, эксперты и члены еврейского этнокультурного объединения.

«Важно помнить, что это не только физическое уничтожение целого народа, но и время для героизма людей, которые с риском для жизни укрывали жертв геноцида. Это история о том, как в нечеловеческих условиях сохранить в себе человека», – отметил активист ЭКО «Мерказ» Даниил Колесников.

Также к присутствующим обратилась почетный член областного еврейского этнокультурного объединения «Мерказ», ветеран педагогического труда Хана Лобченко, отметив, что сегодня многие молодые люди не знают значение понятия «Холокост». На примере судеб реальных людей она рассказала об ужасе происходящих событий тех лет.

Кроме того, было отмечено, что сегодня во многих странах мира, в том числе и в Казахстане ведется большая работа по увековечиванию памяти жертв нацистского геноцида. В Павлодарском областном центре еврейской национальной культуры «Мерказ» действует программа «И расскажи внуку своему». Ребята собирают рассказы, записывают воспоминания о тех событиях.

В завершение встречи присутствующие сошлись во мнении, что тема Холокоста – не только еврейская тема, она охватывает все человечество. И наша задача – извлечь уроки из этой истории, сделать все возможное, чтобы она не повторилась.

Categories: Все новости

Добавить комментарий