Все новости

Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дебат-сайыс өтті

Өткен аптада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Yessenov University» алаңында «Сыбайлас жемқорлық – теріс құқықтық және әлеуметтік құбылыс» атты тақырыпта дебат-сайыс өткізілді.

Бұл туралы департаментінің баспасөз хатшысы Данияр Орал хабарлады. Оның айтуынша, сайысқа жоғары және кәсіби оқу орындары студенттерінің 20-ға жуық тобы қатысқан.

Іс-шараның ашылу салтанатында Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Байгебаев сайыстың мақсаты мен міндеттері, академиялық және студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы туралы айтып өтіп, Қазақстан Республикасының бетке ұстар азаматы тырысып, білім-ғылымды игеруге шақырды.

«Мұндай шараларды өткізу өте маңызды. Байқағанымыз студент жастарының қызығушылы жоғары, бұл қуантарлық жағдай, олар осындай сайыстарға қатысу арқылы сыбайлас жемқорлықтың түбі неге апаратынын түсініп, теріс әрекеттерге жол бермеуді терең ұғынады. Ал дебат-сайысын жоғары оқу орындарында өткізу кездейсоқтық емес, себебі жастар елдің ертеңі, ал оларға дұрыс бағыт-бағдар беру біздің ортақ міндетіміз», — дейді Қайрат Бәйгебаев.

Белсенді сайыс нәтижесі бойынша әділ қазылар алқасы интеллектуалдық ойынның жеңімпаздарын анықтады. Атап айтқанда, Оразымбетова Қалампыр мен Бальчикбаева Диана үшінші орын, Жүсіпқали Елікай мен Қасыбай Жадыра екінші орынды, бірінші жүлделі орынды Сейтжан Ақниет пен Шораева Айгерім иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Categories: Все новости

Добавить комментарий