Все новости

Сүйіспеншілік сабағы

Сәуірдің 11 жұлдызында «Бөбек» Ұлттық Орталығында еліміздің Бірінші Ханымы, «Өзін-өзі тану»  тәлімдік әрі рухани қалыптасу бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаевамен ұйым қызметкерлері мен Адамның Үйлесімді Дамуы Институтының шәкірттерімен кездесті.

Курсанттар «Бөбек» орталығының  іс-әрекет нәтижелерінің «Сүйіспеншілікке арналған жүрек»атты фильмнін көріп тамашалады. Сонымен қатар  гимназия бітірішулерінің пікірлерімен танысты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, Сара апа өзінің Сүйіспеншілік сабағын көңілді әрі жүрекке жағымды әндерден бастап, бұл жылы сөйлесуге жылы лебізімен достыққа шақырған  болды.

Бірінші Ханыммен кездесуге қатысқан әр адам онымен жүздесудін әр сәтін ананың сәбиге кітап оқып беруіне теңеді. Ұстаздар айтылған мынадай кеңестер мен мысалдарды өз дәптерлеріне жазып жатты: «Үнсіз ой толғау – өз алдына жеке өнер», «Кешіре білу – ақылдың белгісі».

«Сүйіспеншілік пен сыйластық-өзін-өзі тану негізі.»-деп ақыл берген еліміздің Дана Анасының сөздерін келген қонақтар өз блакноттарына жазып алып отырды.

Шәкірттер «Өзін-өзі тану»    бағдарламасының идеясы қалай басталғанын  рухани ұстаздың өзінен білігісі келді.Сара апамыздың сергектігі кілті неде?

Ирина Калачева, аталған институт директоры, «Рух каһарманы» құрметті атағы тағылған Сара Алпысқызының атына «Бөбек» Орталығы ұжымының құттықтауын оқып берді. Жуырда ғана Ізгі Педагогика Халықаралық Қозғалысы осы атақты аттандырған екен. Наурыздың аяғында Баку қаласында өткен XVII Халықаралық Педагогикалық Оқулар барысында Ұйымдастыру комитеті осы атақтың бірінші алушысы  Сара Алпысқызы Назарбаева болсын деген шешім қабылдады.

Жұрт «Рух каһарманы» атағын алудан тұңғыш екенімді айтады. Шынтуайтына келгенде, солай  ма? Мен бірінші емеспін. Адамзаттың барлық рухани ұстаздары  «Рух каһармандары» болып табылады, атап көрсетті ұжымның құттықтауына ризашылығын білдірген Сара апа.

«Ұстаз бойындағы ең маңызды қасиет қандай» деген шәкірттің сұрағына, Бірінші Ханым былай жауап қайтарды: «Адам болу!Тәңір алдында бәріміз де балалар үшін, оларды қалай тәрбиелеуге жауаптымыз. Бойымызды тазартып, күш-қуатымызды арттырып, ізгілік танытуымыз керек, жылы жүзді, кешірімді болғанымыз жөн»

Рухани ұстазымен  жүздескен мұғалімдер осы сөздерді тағы бір өмір сабағы ретінде қоржындарына байлады.

 

Categories: Все новости

Tagged as:

Добавить комментарий