Все новости

Достық кездесу

12 сәуір күні  ‘Қамқорлық’ акциясы шеңберінде ‘Жасыбай’ СК бөлімдері мен ‘Үміт’ балалар үйі тәрбиеленушілерi арасында мини футболдан достық кездесу өтті. Кездесу саламатты өмір салтын насихаттаумен қатар дене шынықтыру сабақтары мен спортқа деген қызығушылықты арттыруды көздейді.

.jpg

Жарысқа бес топ, атап айтқанда ‘Жасыбай’ СК бөлімдерінің төрт тобы және балалар үйі тәрбиеленушілері командасы қатысты.  Ойын жоғары деңгейде өтті. ‘Үміт’ балалар үйінің ойыншылары үшін ойын сәтті болды. Ойын қорытындысы бойынша олар екінші орынды иеленді.

Балалардың саламатты өмір сүру және спортқа деген қызығушылығын арттыруға қолдау білдірген ұйымдастырушыларға зор алғыс! Барлық ұлдар футбол ойнағанды жақсы көреді және осы салада  чемпион болуды армандайды. Әрине, олардың армандары орындалады деген сенімдеміз,  өйткені ол үшін барлық жағдай жасалған, дейді Үміт’ балалар үйінің тәрбиешісі В.Керімтаева.

 

 

Categories: Все новости

Добавить комментарий