Все новости

Мектеп түлегі – мақтанышымыз!

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің абыройын мектеп оқушылары ғана емес, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектері де аспандатып жүр. Мәселен, алтын ұямыздың 2016 жылғы түлегі Алпамыс Майлыбаев өзі білім алатын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында ТМД мемлекеттерінің  жоғары оқу орындары курсанттарының арасында математика пәнінен өткен IV Халықаралық олимпиадада екінші орынға қол жеткізіп, Қазақстан Қарулы күштерінің мәртебесін өсірді.

Халықаралық олимпиадаға 7 мемлекет атап айтқанда, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан Республикалары мен Ресей Федерациясының өкілдері қатысты.

ТМД мемлекеттерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасы – РФ Қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу мен ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзаковтың тікелей жетекшілігімен өткізілген олимпиаданың негізгі мақсаты әскери-оқу орындарының офицерлік құрамның сапалы дайындығына көңіл бөлу, әскери мамандарды сапалы түрде дайындау, кәсіби деңгейде ынталандыру, ғылыми және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби деңгейін көтеру, дәріс берудің әдістемесін жетілдіру және де жоғары әскери оқу-орындары арасында сапалы бәскелестік құру болып табылады.

Өз елдеріндегі білім бәйгесінің жеңімпаздары ғана қатысқан сайыста   Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының намысын  мектебіміздің түлегі, бүгінде 2 курс курсанты Алпамыс Майлыбаев қорғады. Алпамыс бұл сынға тұңғыш рет қатысып тұрғанына қарамастан, жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Сайыстың 3 кезеңнен тұрғанын айта кеткеніміз жөн.

Жалпы Алпамыс мектебіміздегі үлгілі оқушылардың бірі болған. Түрлі деңгейлердегі математика, физика пәндерінен өткен олимпиадаларға қатысып тұратын. Әскери отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген ол әкесі Ерланның жолын қуғанды жөн санаған. Дегенмен, есепке деген қызығушылығы қатал да қиын әскери өмірде еш кедергісін келтіре алмады. Нәтижесінде институтта көзге түсіп, сайыстағы жеңісі үшін оқу орны басшысы полковник Асқар Мұстабековтен алғыс естіді. Дәл осындай алғыс Алпамысты тәрбиелеген ата-анасы мен білім алған мектебіне де келіп жетті. Әскери институт ұжымы болашақта Алпамыстан антына адал, Қазақстан Армиясының абыройлы офицері шығарына сенімді.

Наш выпускник — наша гордость

Честь и достоинство НИШ физико-математического направления Семея прославляют не только ученики школы, но и выпускники. К примеру, выпускник 2016 года Алпамыс Майлыбаев принял участие в IV Международной олимпиаде по математике на базе военно — инженерного института радиоэлектроники и связи среди курсантов высших учебных заведений стран СНГ и занял второе место.

В международной олимпиаде приняли участие команды из 7 государств-участников СНГ — Армении, Республики Беларусь, Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана и Российской Федерации. Основная цель проводимой олимпиады, которая проходила под непосредственным руководством председателя Совета министров обороны государств-участников СНГ – министра обороны Российской Федерации генерал-армии С. Шойгу и министра обороны Республики Казахстан генерал-полковника С. Жасузакова, уделить большое внимание качественной подготовке офицерского состава, подготовке военных специалистов, стимулировать творческие способности и формирование научного, профессорско-преподавательского состава, повышение профессионального уровня и совершенствование методики преподавания лекций в высших военно-учебных-заведениях. Курсанты приняли участие в соревнованиях в 3 этапа. В команде института радиоэлектроники и связи военно-инженерного института принял участие выпускник Назарбаев интеллектуальной школы физико-математического направления г.Семей курсант 2 курса Алпамыс Майлыбаев. В составе сборной он привел свою команду на 2-ое место. В связи с этим начальник института полковник Аскар Мустабеков поблагодарил родителей Алпамыса и коллектив НИШ г.Семей. Коллектив института уверен, что Алпамыс станет достойным офицером казахстанской армии.

Categories: Все новости

Добавить комментарий