Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған халықаралық конференция

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында 2020 жылдың 6 мамырында сағат 16.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Хабар» агенттігінің қолдауымен «Екінші дүниежүзілік соғыс: ортақ ерлік – ортақ жад» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Іс-шара Zoom платформасында онлайн-форматта өтеді.

Конференцияның мақсаты  – Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғаларына объективті талдау жасау, әлемдік қақтығыстың қорытындысын қазіргі халықаралық қатынастарда көрсету.

Іс-шараға қатысушылар географиясы: Қазақстан, Нидерланды, Франция, Жапония, Ресей, Беларусь, АҚШ, Нидерланды, Түркия, Үндістан, Аргентина, Иран, Пәкістан.

Олардың қатарында Еуропалық бейбітшілік мәселелерін зерттеу қауымдастығының мүшесі, профессор Хендрик Буллинс (Нидерланды), Жапонияда CA9 қозғалысының негізін қалаушы, Нобель сыйлығына ұсынылған доктор Клаус Шлихтман, CIPRI  Қаруды өндіру және қарусыздандыру бағдарламасының бас төрағасы Од Флеран (Франция), Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы президентінің кеңесшіс, профессор Джордж Кент (АҚШ), ЕҰУ іздеу жасағының жетекшісі Майдан Құсайынов, «RussiaViewer» журналының бас редакторы Ахмад Вахшитех (Иран) және тағы да басқа көптеген сарапшылар бар.

Талқыланатын сұрақтар:

  • қазіргі заманғы әлемдегі бейбітшілік тәртіпті құру қағидалары: өткеннен бүгінге және болашаққа;
  • «соғыс» және «әлемдік / халықаралық қақтығыс» ұғымын анықтаудың жаңа тәсілдері»;
  • фашизмді жеңуге қол жеткізудегі мемлекеттер мен халықтардың үлесі;
  • Екінші дүниежүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысындағы батырлық туралы тарихи жадыны сақтау;
  • жас ұрпаққа тарих сабақтарын тарату және сабақтастық мәселесі.

          

Конференцияға аккредиттеу және қатысуға сілтеме алу үшін, сондай-ақ басқа да қосымша мәселелер бойынша 8 702 363 60 05 (Ләйлә) нөміріне  хабарласуларыңызды сұраймыз.

Конференция туралы қосымша ақпарат 2020 жылдың 5 мамырында жарияланады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий