Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің 

Қайырымдылық – адамның көмекке шын мұқтаж жандарға қолұшын созаа білетін ең асыл қасиеттерінің бірі. Себебі, айналасына мейірімділік таныту – адамгершіліктің белгісі. Халқымыз да:  «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп тегін айтпаса керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды», деген болатын. Осы мақсатта, Алматы қаласындағы №198 жалпы білім беретін мектеп директоры А. Канапьянованың   басшылығымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж,  аз қамтылған және көп балалы  отбасыларға  азық-түлік, киім-кешек, мектеп балансында тұрған компьютерлермен уақытша қамтамасыз ету, оқушылардың телефондарына интернет желісіне қосыла алатындай тарифтік бірліктер беру жұмыстары жүргізілді.  «Қайырымдылықта шек жоқ» бастамасы аясында мешіт имамдарымен тығыз байланыс орнатылып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларды азық-түліктер жеткізілуде. Мектебіміздегі ерекше қамқорлықтағы оқушылар да назардан тыс қалмай, еріктілер тарапынан  қажетті заттармен, киім-кешекпен, компьютермен қамтамасыз етілді.

Төтенше жағдай кезінде мектебіміздің ата-аналарымен де жақсы қарым-қатынас орнатылып, жан-жақты қолдау көрсетілуде. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса», деген халқымыздың игі сөзін ұстана отырып, қайырымдылық мақсаттағы жұмыстарымыз одан әрі жалғасын табады деген сенімдемін.

 

Мақпал КНЯЗОВА,
№198 ЖББМ  
әлеуметтік педагогі,
Алматы қаласы,
Түрксіб ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий