ҰБТ кезінде оқуға түсушілердің жауапкершілігі күшейтіледі

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев ведомствоның аппараттық мәжілісінде 2020 жылы ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер туралы айтып берді.

Әділет Тойбаев өз сөзінде биыл пандемияға байланысты ҰБТ-ны тапсыруға қажетті құжаттар онлайн режимінде қабылданатынын, ал Интернетке қолжетімділігі жоқ азаматтар өтініштерін дәстүрлі түрде жібере алатынын айтты.

Оның айтуынша, тестіні тапсыру форматы өзгермейді. Оқуға түсушінің білімі бұрынғыдай бейінді және міндетті пәндер және бұған дейінгі шкала бойынша бағаланады. Тек ЖОО-ға қабылдау процедурасы ғана өзгерген.

Бұған қоса, межелі баллды ала алмаған және  бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы бөлімге қабылданған тұлғалар ҰБТ-ны бір жылдың ішінде тапсырады. ҰБТ-дағы тағы бір жаңашылдық сертификатпен байланысты. Яғни, маусым айындағы тестілеудің қорытындысы бойынша, бұрынғыдай қағаз түріндегі сертификат емес, электрондық сертификат беріледі.

Бұлардан бөлек, тестілеу кезінде оқуға түсушілердің жауапкершілігі күшейтілмек. Мәселен, егер оқуға тапсыруға өтініш тапсырған белгілі бір оқушының атынан басқа адам тест тапсырғаны белгілі болса, онда ол оқушы ҰБТ-ға жыл бойы қатыса алмайды. Сондай-ақ, міндетті мониторинг жүргізіледі. Егер, қандай да бір заң бұзушылықтар орын алса, ҰБТ нәтижесі жойылады.

– Оқуға түсушілердің арасынан ғимаратқа кірер алдында ҰБТ кезінде пайдалануға тыйым салынған заттар мен өздерінің орнына басқа бір адамды қою фактісі орын алған жағдайда, ондай тұлғалар тестілеуге және осы жылдағы тестілеуге жіберілмейді. ҰБТ өткізілгеннен кейін бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеледі. Егер, оқуға түсушілерден ҰБТ кезінде қолдануға тыйым салынған заттардың біреуі  анықталатын болса, білім грантын тағайындау бойынша конкурстың нәтижелері жойылады, деді Әділет  Тойбаев.

Сонымен қатар, ол тағы бір өзгеріс ретінде білім берудің “Педагогикалық ғылымдар” саласы бойынша межелі баллы барлық ЖОО үшін 60-тан 70-ке дейін өсетініне тоқталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

2


Читайте также:

Добавить комментарий