Отандық экотуризмді дамытуға арналған республикалық онлайн-семинар өтті

6-шы мамыр күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен «Экотуризм арқылы тұрақты дамуға: алғышарттар мен мүмкіндіктер» атты республикалық онлайн-семинар болып өтті.

Семинарға Қазақстандағы Жоғарғы оқу орнының профессор-оқытушылары мен білім алушылары, Алматы қалалық туризм басқармасының мамандары және туристік фирмалардың өкілдері қатысты. Қазіргі карантин жағдайында семинарды онлайн өткізуге тура келгенімен, озық коммуникациялық технологиялардың арқасында өзекті мәселелер төңірегінде профессор-оқытушылар мен туризм мамандарының өзара ақпарат алмасуына, өз ойларымен бөлісуіне, пікір алмасуына  мүмкіндік туды.

География және туризм кафедрасының меңгерушісі, PhD Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлының модератор болуымен өткен семинар мазмұнды баяндамалар жасалып, өткір мәселелер қозғалды.  Семинар басында Жаратылыстану факультетінің деканы, химия ғылымдарының кандидаты Кішібаев Қажымұқан Оразұлы өзінің Алғысөзінде семинардың өзектілігіне тоқтала отырып, отандық туризм мамандарын даярлаудағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің рөлі мен қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Семинар барысында Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті Физикалық және экономикалық география кафедрасының профессоры, г,ғ.д. Мазбаев Орданбек Білісбекұлы «Тұрақты даму және туризмнің мәселелері», Алматы қаласының туризм басқармасы басшысының орынбасары Ақылбеков Қалибек Әділбекұлы «Алматы қаласы мен агломерациясында туризмді дамыту қадамдары», М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Экология кафедрасының аға оқытушысы Абикбаев Ержан Рахымкелдиевич «Әулиеата өңірінің киелі жерлері және оның аймақтық туризмді дамытудағы рөлі», Туроператор “КОМПАС” ЖШС менеджері – Аманқұлқызы Тоғжан «Экотуризмді дамытудың артықшылығы мен кемшіліктері», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Биология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Садықова Дәмежан Аділханқызы «Қазақстандағы экотуримді дамыту мүмкіндіктері» және География және туризм кафедрасының аға оқытушысы, докторант Сатыбалдиева Айжан Үсенқызы «Елімізде эко және этно туризмді дамытудың маңызы» тақырыптарында баяндама жасап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қызу пікірталасқа ұласқан мәселе төңірегінде Туризмді қашықтан оқыту және отандық туризмді карантин жағдайында дамыту жолдары талқылқыланды. Әсіресе, экотуризмді дамыту – туризм саласын жолға қоюдың кілті екендігі туралы ғалымдар мен мамандардың пікірлері жиі айтылды.

– Шынымен де соңғы кездегі Жаhанда және Қазақстанда болып жатқан жағдайлар, атап айтар болсақ, короновирус індеті, өңір-өңірлердегі су тасқындары адамзаттың табиғатты басқармайтынын, табиғатпен басқарылатынын көрсетіп бергендей. Адам қандай шаруашылықпен айналысса да табиғат заңдылықтарын ескеру қажет. Бұл бүгінгі біздің семинарымыздың тақырыбына өзек болып отырған туризмге де байланысты. Табиғатты сақтай отырып, туризмді дамыту –  ел экономикасын тұрақты дамытуға жетелейді. Ол үшін Қазақстанда алғышарттар жетерлік және мүмкіндік мол. Туризм саласын қалай дамытатындығымыз, осы ресурстарды қалай ұтымды пайдаланатындығымызбен тығыз байланысты болмақ, – деп сөзін аяқтады семинар модераторы Шахислам Ұзақбайұлы.

 

 

PhD Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы,
География және туризм кафедрасының меңгерушісі,
Ашімов Тәжіхан Әшімұлы,
География және туризм кафедрасының доценті, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий