Білім білікті ұстазбен биіктейді

Елдің бүгінгі келбеті баршамызды бейжай қалдырмады. Елең еткізер дүние көп болды. Оның әсері ұстаздарға да тиді. Білім саласында бұрын-сонды болмаған өзгерістерге ұшырап, мұғалімдер жаңа бағытта жұмыс жүргізді. Ұлағатты ұстаздар біріне –бірі демеу болып, қолдау көрсетті. Есесіне қашықтан оқыту жүйесі қалыпты жағдайға айналып, оқу процессі жалғасты.

Осы ретте, мамандық атауының иесі саналатын ұстаздардың еңбегін ескерусіз қалдыруға болмас. Олардың қажырлы қайраттарының арқасында білім беру саласы белестерді бағындырып, бойларын тіктеді. Осындай белсенді жұмыс нәтижесінде Алматы облысы, Көксу аудандарының ұстаздары алдынғы қатардан көрінді. Атап айтсақ, аудан орталығындағы орта білім беру мекемелерінің ұстаздары бірлесіп, біліктіліктерін көрсетті.

Бірі жаңа форматта оқулықтардағы ақпараттарды насихаттаса, енді бірі білім берудегі көрсеткен нәтижеге назар аударды. Оның ішінде бастауыш сынып оқушыларына мән берілді. Ондағы себеп, білім алушылардың ынтасын одан ары арттыру. Осы мақсатты межені орындау үшін Қ. Жалайыри атындағы орта мектебінің мұғалімі Бидайбекова Фарида Алтынбекқызы барын салып, жиырма жеті жылдық тәжірбиесін жас мамандармен бөлісіп келеді.

Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Даирбекова Динара Ғабдулқызы болса, негізгі пәннің қыр – сырын жан-жақты түсіндіріп, бейне материал жасады. Ел игілігіне азда болса қол ұшын созып, қолдау білдірді. Білім беру ісінен басқа қоғамдық жұмыста да белсене араласатын қос ұстаз қажырлы еңбек етіп, елмен бірге бұл қиындықты еңсеретініне сенімді.

Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының
баспасөз қызметі, Талдықорған қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий