Шеберлік шыңдалды

Елімізге енгізілген төтенше жағдай қалыпты тіршілік ырғағын бір-ақ сәтте басқа арнаға аударып жіберді. Үйіне еріксіз қамалған адамдар бір-бірін іздеп, бауырмалдыққа ден қойды, өткен-кеткен істеріне есеп беріп,  адамдардың өз баласына, бауырына, туған туысына, қызметтес әріптесіне, жақын жолдасына,  досына деген құрметі арта түсті.  Әсіресе, өзгенің өмірі үшін күресіп жүрген ақ халатты абзал жандар мен  ұстаздарға деген көзқарас мүлдем өзгерді.

Қашықтықтан оқыту барысында ата-аналар мұғалімдердің 30 балаға 40 минутта қалай сабақ беретініне таң қалып, Whatsapp және инстаграмм желісінде алғыстарын білдіріп жатыр.

№13 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы қашықтан оқыту бүгінгі күннің талабы екенін түсініп, өнегелі, парасатты, білімді шәкіртті оқытудың бірнеше аптасын артқа тастады.

Алғашқыда қиындықтың болғаны рас, осы ретте мектеп директоры Н.Дүйсенбекова ZOOM платформасында конференция өткізіп, педагогикалық  ұжымға  қашықтықтан оқытудың тиімді жолдарын,  интернет платформаларды пайдалану туралы айтып, қолдау көрсетіп отырды.

Ғылымдар патшасы – математиканы оқытуда әріптестерім өткізетін сабақтарына жоспар құрып, Bilimland  пен Daryn. Online -нан бейне сабақтар,  тест тапсырмалары мен есептер шығару үлгілерін дайындап,  Kundelik. кz, Google Classroom платформалары арқылы жүктеп, оқушылармен кері байланысқа шығуда.

Оқушыларымыз А.Оспанова, Е.Мұхтар, А.Үмбетова – 9-11 сынып оқушылары арасында өткен «Кенгурёнок» қашықтық олимпиадасына қатысып,  І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2-3 мамыр аралығында өткен «Кенгуру – математика для всех»  конкурсында 5-11 сыныптан 22 оқушы қатысып, 117-120 балл жинады. 4 мамыр күні «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталық ұйымдастырған онлайн-олимпиадада 11 сыныптан  Ә. Әбдікәрім – 120 балл, С. Дәуренова  -101 балл,  9 сыныптан  С. Нұрлан  – 109 балл,  А. Белгебай -107 балл, М. Аманбай -107 балл алып, жоғарғы нәтиже көрсетті.

Математика пәнінен дәріс беретін әріптестерім Г. Алауова, Ж.Еріш, К. Рахманбердиева, А.Жұмагазинова және С.Шажаева сабақ өткізумен шектелмей, USTAZ  TILEGI республикалық ғылыми-әдістемелік орталық ұйымдастырған Халықаралық, Республикалық олимпиада «Математика-ғылымдар патшасы» турниріне қатысып, І дәрежелі диплом алды.

Зейнеткер ұстаз ретінде байқағаным, әр өзгерістің қиындығы мен жақсы жақтары бар. Әріптестерім онлайн, бейнесабақты  сауатты жүргізу, жасау жолдарының құпиясын білді, ақпаратты балаға жеткізудегі шеберліктері шыңдалды.  

     

 

Нұрипа БОШТАЕВА,
№13 мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі,
Алматы қаласы,
Әуезов ауданы

 

                                                                       

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

2

Добавить комментарий