Все новости

Балалардың жазғы демалысы бақылануда

Орталық коммуникациялар қызметінде жаз мезгіліндегі аурулардың алдын алуға арналған баспасөз конференциясы өтті. Балалардың жазғы демалысы – бұл келесі оқу жылының айғағы. Себебі, жыл бойы шаршаған балалар жазғы демалыс кезінде тынығып, күш алады. Жазғы демалыс балалардың дамуы мен сауығуы үшін маңызды рөл атқарады. Бұл ретте, ата-аналар балаларын қауіпсіз әрі жақсы демалтуды ойлайды.

32754-6-v_kostanaiskoi_oblasti_ru Сондықтан, жақсы тамақтандыратын, тамақ дайындау технологиясын сақтайтын, санитариялық қағидалар талаптарына сай келетін ұйымдарға аса назар аударылады.
Балаларды сауықтыру ұйымдарында 5 реттік тамақтандыру көзделеді, ол жерде балалар көкөністермен, жеміс-жилектермен қаптамасыз етіліп, сапалы тамақ өнімдері пайдаланылады.
Тамақ медициналық ұйымдардың ұсынымдары ескеріле отырып, екі апталық ас мәзіріне сәйкес дайындалады. Ең бастысы ас мәзірінде бір тамақ түрі күнделікті және келесі 2-3 күнде қатар берілмесі үшін ауыстырылып кезектестіріп берілуі көзделеді. Ас мәзіріне газдалған, тәтті алкогольсыз сусындарды, фаст-фудтарды, қытырлақ картоптарды (ципсы), қаймақ, майонез араластырылған салаттарды және санитариялық қағидалармен тыйым салынған басқа да тамақ өнімдерін қосуға рұқсат етілмейді.
Балаларды сауықтыру ұйымдарында ауыз су режимі сақталуы тиіс. Ыдысқа құйылған (графин) немесе бөтелкеге құйылған ауыз судың иісі болмауы, дәмі жақсы болуы, химиялық құрамы, микробиологиялық және паразитологиялық, радиологиялық көрсеткіштері бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Төсек жабдықтары 7 күнде 1 рет немесе ластануына байланысты ауыстырылады. Балалар 7 күнде 1 рет моншаға шомылады, баланың қалауы бойынша күнделікті себезгі қабылдауына болады. Санитариялық тораптар (дәретханалар) күнделікті жиналады.
Балаларды сауықтыру ұйымдарына келген барлық балалар тәулік бойы медицина персоналының бақылауында болады. Күнделікті кешкілік кезекші медицина қызметкері балалардың денсаулығы жағдайын тексеріп, лагерьді аралап шығады.
Балалардың шомылу орындарына қойылатын талаптар санитариялық қағидаларда жазылған. Жағажайдың бастығы, лагерьдің басшысы қойылатын талаптарға жағажайдың сәйкестігін қадағалауы тиіс.
Балалардың шомылуына арналған су қоймаларының тереңдігі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты 70 см-ден 130 см-ге дейін болады. Шомылатын аумақ су бетіндегі қалқыма белгі – жақсы көрінетін қалтқымен белгіленуі тиіс.
Балалар шомылып жүрген аумақта медицина қызметері міндетті түрде болуы тиіс.

Categories: Все новости

Комментировать

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.