Табысты кері байланыс

Адам өміріндегі кері байланыс өте маңызды. Өз іс-әрекетіміз, ойлануымыз және айналамыздың, оған деген көзқарасымыздың арқасында біз үйренеміз және нәтижелерімізді дамытып, жақсартамыз. Оқыту қайда өтсе де, сынып бөлмесінде немесе қашықтан болса да кері байланыс бірдей құнды. Оқытудағы тиімді кері байланысты қалай қамтамасыз етуге болады? Оқу жетістіктерін жақсарту үшін мұғалім мен оқушылар не істей алады?

Зерттеуші Дж. Хэттидің айтуы бойынша, кері байланыс оқушыдан мұғалімге бағытталған жағдайда оқытушы үшін әсерлі болады. Егер мұғалім оқушылардан кері байланыс алуды көздесе немесе ең болмағанда, оқушылардың қандай білімі бар екенін, неліктен қателесетінін, нені түсінбейтіндігін және білмейтіндігін түсіну үшін ашық болса, онда оқыту мен оқуы үйлестіріліп, күтілетін нәтижеге алып келуі мүмкін. Оқушыдан мұғалімге деген кері байланыс оқытуды көрсетуге мүмкіндік береді. Оқушыдан мұғалімге кері байланысты қалай ұйымдастыру керек?

1. Оқушыға оқу мақсатын түсінуге және қабылдауға көмектесіңіз. Сабақты жоспарлау кезінде мақсаттарды тұжырымдай отырып, оқушылар мен сыныптың ерекшеліктерін есте сақтаңыз, оқытудың пәндік мақсаттарында көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес келетін түсінікті, қолжетімді, нақты өлшенетін етістіктерді пайдаланыңыз. Екіншіден сабақтың мақсатын талқылау және тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларға сұрақтар қоюды ұсыныңыз. Жұптық жұмыс арқылы барлығын жұмысқа тарта отырып, әркімнің ойлау қабілетін көрсетіңіз. Үшінші – өзін-өзі немесе өзара бағалауды ұйымдастырыңыз және бақылау жүргізіңіз. Объективтілікті қамтамасыз ету үшін тақтаға, бағдарлық парақтарға, өзін-өзі және өзара бағалау формаларына жазылған бағалау критерийлері мен дескрипторларды ұсыныңыз.

4. Тапсырмаларды орындау кезінде, сабақ барысында және қорытынды шығару кезеңінде үш маңызды сұраққа жауап іздеуді ұсына отырып, оқушылардың рефлексивті ойлауын дамытуға ықпал етіңіз: «Мен неге тырысамын?» – қызығушылықты қолдау үшін. «Менде қалай шығады?» – оқу қызметін талдау және бағалау үшін. «Келесі қадамым қандай?» – келесі әрекеттерді жоспарлау үшін. Әрбір мәселе оқу үдерісін жан-жақты қарауға бағытталған. Атап айтқанда: тапсырманың деңгейі (қаншалықты түсінікті, жақсы орындалғаны), іс жүргізу деңгейі (тапсырманы түсіну немесе орындау үшін қажетті оқу қызметі), өзін-өзі реттеу деңгейі (өз іс-әрекетін реттеуі мен бағытын бақылау), жеке деңгейі (оқушыға жеке баға және әсер етуі). Осылайша, оқушылардың білім алуы қалыптасады және өз оқуы үшін жауапкершілігі артады.

Мұғалімнің бағалауы мен түсініктемесі оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл ретте мұғалімнің кері байланысы үш деңгейдің біріне: тапсырма, үдеріс немесе өзін-өзі реттеу дағдыларына бағытталуы маңызды және ешқандай жағдайда оқушының жеке тұлғасына қатысты болмау керек. Кері байланыс оқушылардың жіберілген қателерін түзетуге, оқу іс-әрекеттерін дамытуға немесе жетілдіруге және өз оқу үдерісін бақылай білуге тарту керек. Мұғалімнен оқушыға деген кері байланысты қалай қамтамасыз ету керек? 1. Кері байланыс сын болып табылмайтынын және жетістікті жақсартуға мүмкіндік беретінін оқушыларға түсіндіріңіз. 2. Ең әсерлі ретінде сипаттамалық кері байланысын ұсыныңыз. Ол үш сұраққа жауап береді: «Не жақсы жасалды?» – жасалған жұмыстың сапасына қарамастан, оқушыны қолдаңыз, не үшін мақтағаныңызды айтыңыз. Мысалы: «Жарайсың, тапсырманы орындауға тырыстың!».

«Нені жақсарту керек?» жақсартуға болатын сәттерін түсіндіріңіз. «Мұны қалай жақсартуға болады?» – оқушыға тапсырма бойынша ойлануға көмектесетін сұрақ қойыңыз, ресурсқа жүгінуге кеңес беріңіз, Нұсқаулық ұсыныңыз. 3. Оқытудың нақты мақсаттарына, күтілетін нәтижелерге немесе бағалау критерийлеріне бағдарлай отырып, кері байланыстың тиімділігін қамтамасыз етіңіз. 4. Оқушының өз қызметін түзетуге, ал сіз оқушының кері байланысын пайдаланғаннан кейін тапсырманы орындауда қайта бағалауға мүмкіндік алуы үшін оны үнемі және уақытында ұсыныңыз. 5. Кері байланыс кезінде «ескерту», «кезеңдік көмек», «үлгіні ұсыну» сияқты тәсілдерді пайдаланыңыз. Ескерту оқушының назарын оқыту мақсатына аударады. Кезеңмен көмек беру оқу қызметінің белгілі бір аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Ол үшін сұрақтар, тапсырманы немесе қызметті сипаттауды, аяқталмаған сөйлемдерді пайдалануға болады. Оқудағы қиындықтары бар оқушыларға үлгі беру тапсырманы орындауға көмектеседі. Ең бастысы, кері байланыстың күші оның болғанында немесе болмағанында емес, оның сапасында екенін есте сақтаңыз.

Елена МАРЧЕНКО,
“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының тренері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий