Жаңа ұстаным, жаңа мүмкіндік

“Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс”, – деген заңғар жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Коронавирус инфекциясының бүкіләлемдік пандемияға айналуына байланысты біздің арнаулы оқу орны қашықтан оқыту жүйесіне көшкен болатын. Аяқ асты туындаған қиындықтан жас ұрпаққа білім беруді тоқтатуға болмайды. Сондықтан осы жаңа форматтың аясында колледж студенттерінің білім алып жатқанына айдан асты. Білікті басшы колледж директоры Қ.Дуйсебаевтың басшылығымен директордың орынбасарлары С.Байсубанов, Ж.Абдықадырова, И.Турганов, колледж әдіскері Н.Бокаева, ақпараттық технология маманы А.Жиренова білім, қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруда ұйымшыл ұстаздар ұжымын қашықтан оқытуды барынша сапалы жүргізуге мүдделілік танытты. 

Технологиялық шешімдердің сан алуандығына қарамастан, оқытушылар мен студенттердің қашықтан оқыту форматын еш қиындықсыз игеруі үшін және дәріс беру нәтижелерін сапалық деңгейге көтеру алгоритмдерін дұрыс түсіну мен бағалау мақсатында нақты ойластырылған жоспарлы бағдарлар қажет болды. Колледждің инженер педагогтарын қашықтан оқыту үрдісіне дайындық жұмыстарын жүргізуде сабақты уақытында бастап, жаңа форматқа бейімдеуде колледж директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдықадырова мен және колледждің IT маманы А.Жиренова білім берудің тиімді әдіс тәсілдерін іздестірді. Ізденістің нәтижесінде қалыптасқан жағдайға тез икемделіп, инженер педагогтар ақпараттық технологиялар жүйесі арқылы өз білімдерін шыңдай білді.

Қашықтан оқытуды алғашында WhatsApp арқылы іске асырған болса, қазір Google Classroom интернет платформасы арқылы оқытуда. Үлкен жауапкершілік арқалаған оқытушылар білімгерлердің оқу бағдарламасын толық игеріп, сапалы білім алуына бар күш жігермен еңбектенуде. Қашықтан оқытуға коллледжде оқитын бес мамандық бойынша білім алатын 343 білімгер, 15 оқу тобы түгел қамтылды. Сонымен қатар ата-аналармен қарым қатынас орнату үшін 15 оқу тобына арналған жеке топ құрылды. Осы ретте сандық оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлар білім саласындағы әрбір маманды бей-жай қалдыра алмайды. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған сандық шешімдер мен сервистер саны күн сайын өсіп келеді.

Қазіргі күрделі кезеңдегі қиындықты колледж ұжымы заманауи технологиялық жағдайға негізделген қашықтан оқыту жүйесінің тетігіне толық қосылып, ұжым болып бірлікпен сапалы орындауда. Қазіргі кезде қашықтан оқытудың бірнеше формасы бар. Атап айтсақ чат сабақ, веб-сабақ, телеконференция, теле оқытудың теориялы сабақ түрінде өтеді. Қашықтан оқыту барысында теориялық мазмұнын жетілдіруді, колледж ұжымы өздеріне пайдалы дүниені үйренудің, білім берудің ұтымды тұстары бар екеніне көз жеткізді. Жаңа форматтағы оқу жүйесінде жұмыс істеу әрине оңай шаруа емес. Себебі бірден цифрлық бағдарларға көшу ұрдістері алдымен адами капиталға бағытталуы қажет.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекті сөйлеген  сөзінде жаңа режимде жұмыс істеу оңай шаруа емес екенін айта келіп,  бұл – отандық білім беру жүйесі үшін үлкен сын, күш жігермен осы қиын кезеңді абыроймен жеңе алатынымызға сенген еді. «Білім деген – биік шың, бақытқа сені жеткізер, білім деген – ақылшың, қиындықтан өткізер», – демекші оқуды дербестендіруге мүмкіндік беретін жүйені бағындырып, білімгерлерді сапалы оқытуда өз үлестерін қосып жүрген педагогтарымыз маңызы зор сандық технологиялардың маңызы зор, қайтарымы көп екеніне көз жеткізді. Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының әдіскері Ш.Исаханованың ұйымдастыруымен zoom бағдарламасы «Абай әлемі» тақырыбында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған конференцияға колледж тіл мамандары түгел қатысты.

Алматы облысының білім басқармасы, облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен zoom бағдарламасы арқылы «Өндірістік сабақтарды қашықтықтан ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері», «Өзін -өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу үрдісіне интеграциялау» тақырыбында облыстық іс тәжірибе алмасу вебинарының өткізілуі қашықтан білім беру жағдайында инженер педагогқа берері мол. Колледж инженер педагогтары қашықтан оқытуға виртуалды әдістемелік кабинетке енгізе отырып, оқу бағдарламасына сәйкес 15 минуттық видеосабақтар түсірді. Өндірістік сабақтарды қашықтан ұйымдастырудың жолдарын және тәжірибедегі мүмкіндіктерді көрсету мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысқан арнайы вебинар ұйымдастырылды.

Онлайн жүздесуге жиналғандар қашықтан оқытудың жаңа ұстанымын, жаңа мүмкіндігі жайлы тәжірибе алмасты. Алматы облысының білім басқармасы, облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен zoom бағдарламасы арқылы «Өндірістік сабақтарды қашықтықтан ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында іс тәжірибе алмасу болды. Осындай тәжірибе алмасудан кейін колледждің өндірістік оқыту шеберлері арнайы пән оқытушылары үшін қашықтан білім берудегі GoogIe сервисінің тәжірибедегі мүмкіндіктері мен тиімді әдіс тәсілдерін кері байланыс түрлерін тәжірибеде қолдануға үйренді. Алпыс бес жылдық асқаралы тарихы бар колледж ұжымы ның басты мақсаты алынбайтын асу, бағынбайтын бел, шешілмейтін түйін жоқ деген ұстаныммен бірлік бар жерде тірлік болатынын қашықтыққа байланысты оқытудағы жаңа ұстанымға сай жаңа мүмкіндіктерді игеру.

Нұргүл Едігеқызы БОҚАЕВА,
Шелек политехникалық колледжінің әдіскері,
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий