Мұрағатталған құжаттарды сақтаудың маңызы

Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ағымдағы жылдың 21 мамырында «Құжаттау және мұрағаттау» тақырыбында Мемлекеттік мұрағат өкілімен семинар өткізді. Департамент басшысы З. Махсутова құжаттау және мұрағаттау құжаттарымен жұмыс сапасын жақсарту қажеттілігі туралы айтты.

Семинарға облыстық мұрағат директорының орынбасары Костина Елена Валерьевна шақырылып, ол мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды, сараптаманы, құжаттарды ресімдеу және құжаттық мұрағатты қалыптастыру тәртібін түсіндірді.

Костина Е.В. 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын басшылыққа алу керектігін назарда ұстауға кеңес берді.

Семинар барысында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Семинар аяқталғаннан кейін Департамент Мұрағат ісі бойынша одан әрі іс-қимыл жоспарын жасады.

Дина ЛИ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий