Дінислам Болатханұлы: Жаңа мектептердің құрылысы мен күрделі жөндеуге 5 миллиард 221 миллион теңге бөлінді

Қымбатты ата-аналар, әріптестер! Алдымызда тұрған маңызды әрі ауқымды жұмысты қуана хабарлағым келеді. Кез келген ата-ана балаларының заманауи талаптарға сай инфрақұрылымы дамыған, оқу жабдығы жаңартылған мектептерде білім алуын қалайтыны рас. Ұстаздарымыз үшін де бұл аса қажет, – деп жазады Павлодар облыстық Білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 


Сол себепті де биылғы жылы Жұмыспен қамту жол картасына білім саласынан 65 жоба кірді! Жаңа мектептердің құрылысына, реконструкциясы мен күрделі жөндеу жұмыстарына 5 млрд 221 миллион теңге қаражат бөлінді! Бұл соңғы онжылдықта облыстың білім беру жүйесін қолдауға бөлінген теңдессіз қаражат деп білемін.
Мектептердің материалдық-техникалық мәселелері кешенді шешімдерді талап етеді. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлының тапсырмасына сәйкес біз облыстағы мектептерді модернизациялау мақсатында “Заманауи мектеп” жобасын әзірледік. Осы жоба аясында өңіріміздің мектептері толық жөндеуден өтіп қана қоймай, ауласына дейін реттеліп, заманауи жиһазбен жабдықталады, соңғы үлгідегі техникамен қамтамасыз етілетін болады.

Облыс әкімінің қолдауымен мектептерді жаңарту жобасы басталып та кетті. Атап өту қажет биыл Жұмыспен қамтудың Жол картасына берілген қаражаттың 20 пайыздан астамы білім беру саласына бөлінген.  Білім беру ұйымдарында қазірдің өзінде жұмыс қызу жүріп жатыр: екі ауылдық мектептің құрылысы басталды, екі оқу орнының ғимараттары қайта жаңартылуда, 33 мектеп, тоғыз балабақша және колледж күрделі жөндеуден өтеді. 14 білім беру мекемесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атқарылатын жұмыстардың сапасына қатаң бақылау жасаймыз. Сіздерді де осы іске қосылуға шақырамын. Ең алдымен сапа бәрінен жоғары тұруы тиіс!

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий