Қош бол, алтын ұя зияткерлік мектебім!

Бойға жидық дәстүр менен мұраны,
Ойға жидық білім-ғылым тұмарын!
Қанат қағып, ұшқаннан соң биікке,
Ел мұраты болар енді ұраным!

Кейде қарсы келуші едік, біз, тіпті,
Өз басымыз болғандай бір кіршіксіз.
Ұстаз айтқан әр сөзіне мән беріп,
Қимай енді барамыз, біз, мектепті,
Жас түлекпіз қағар бүгін қанатын,
Күншуақтай жүрекке от жағатын.
Ұмытпаймыз қоңыраудың сыңғырын
Жүрегіме мәңгі ұялап қалатын!
Аттап өтер өмір-жолдың өткелін,
Сағындырар мектептегі көктемім.
Тілекші боп тұрар енді, анамдай,
Аға-апайым, алтын ұя – мектебім!

Асылжан МЫРЗАХАН, 
Шымкент қаласы физика-математика
бағытындағы Зазарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі –  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий