Қашықтан оқыту: Психологиялық тұрғыдан тиімділігін арттырудың жайы

Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық маңызды тарихи кезеңнен өтуде. Білім беру жүйесінде қашықтан оқыту ең тиімді құралдарының бірі болып отыр. Қашықтан оқыту білім алушы оқу іс-әрекетін ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қашықтықтан жүзеге асыруы. Қашықтан оқыту уақыт үнемдеу, ақпарат алмасудың шексіз мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, қазіргі кездегі пандемияға байланысты карантиндік уақытта үздіксіз білім алудың негізі болып отыр.

Бұл жүйені оқытушылар мен ата-аналар, оқушылар бірден қабылдай қойған жоқ. Алайда, ұлт болашағы – тек қана мемлекетке немесе ұстаздарға міндетті дүние емес. Ата-ананыңда бала алдындағы міндеттері бар. Қашықтан білім алу арқылы бала өздігінен ізденіп білімін шыңдауда. Психологиялық тұрғыдан қашықтан оқытудың тиімділігін арттыру үшін; ең бірінші кезекте біздер мектеп психологтары ата-аналармен байланыс орнатып, психологиялық кеңестер беруіміз керек. Екінші кезекте оқушылармен психологиялық сергіту жаттығулары жүргізілуде. Яғни, білім алушыны бар болмысымен қабылдау, ішкі жан дүниесін және психикалық жағдайын түсіну болып табылады.

Бұл тек оқушыларға ғана емес ата-аналарғада керек қарым-қатынастың жағы. Жүйелі ақпарат алмасу үшін тиімді коммуникацияның техникалары мен тәсілдерін меңгеру артық етпейді. Бұл арқылы біз білім алушының алған ақпаратты қаншалықты меңгергенін біле отырып, психологиялық ахуалын анықтай аламыз. Қалыпты жағдайда кейбір оқушылар сабақтарға жүйелі зейін қойып тыңдамауы мүмкін. Ал, қашықтан оқыту жүйесі арқылы ақпаратты кез – келген уақытта, шексіз қабылдай алады. Бұл деп отырғанымыз оқушының оқу процесін толық меңгеруе мүмкіндігі бар. Мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін тиімді қарым-қатынас орнату үлкен маңызға ие.

Осы тарапта ата-аналармен «Қашықтан оқыту бойынша балалардың ата-аналарына психологиялық кеңестер» берілді. Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес ата-ана назарына ұсынылды. 10 қадам бала тәрбиесіне қатысты кеңестер ата-аналардың қашықтықтан оқыту барысында өте тиімді деп есептеймін. Сонымен қатар, 9 сыныптардың ата-аналарына мамандық таңдауына байланысты «Кәсіптік бағыт – бағдар» беру видеоролигі дайындалып ата-аналардың назарына ұсынылды. Себебі, кәсіптік бағдарды оқушы ата-анасымен ақылдаса отырып таңдайды. Қашықтан білім беру аясында 5-11 сыныптар оқушыларына «Миға пайдалы жаттығулар» ұсынылды. Оқушылар жаттығуларды қайталау арқылы, ми процесстеріне жақсы әсерін берді. «Есте сақтау қабілетін қалай жақсарту керек?» деген сұраққа арнайы психологиялық жаттығулар видеоролик ретінде дайындалып оқушылар назарына ұсынылды.

Оқушылар жаттығу барысын орындау, тыңдау арқылы есте сақтауға оң әсерін берді. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы. Ата-аналарға психологиялық қолдауда кеңестер әрдайым ұсынылып отырылды. Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда ата-ана өз мейірімділігін білдіре отырып, балаларына жылулық бере отырып, қолдау жасай алатын адамның бірі. Бала мен ата-ананың арасында жылылық орнату, әрбір ата-ана үшін орны ерекше. Сонымен қатар, сынып жетекшілерге және ата-аналарға оқушымен, мұғалім арасындағы жақсы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Оқытушының педагогикалық психологиялық портреті» әдістемесі ұсынылды.

11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға байланысты психологиялық кеңес берілді. Мектеп түлектеріне қолдау көрсетілді. Мектеп түлектерінің ата-аналарына психологиялық кеңес берілді. Қашықтан білім алу кезінде психологтың демеуі өте қажет деп ескеремін. «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде», – деп ұлы ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай, балаға тәрбие отбасы мен мектептен беріледі. Осы процессті ұстаздарымыз, ата-аналарымыз, оқушыларымыз еңсеру үшін біз психологтар барынша өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз.

Сымбат Қанатқызы АЯТБЕК, 
№198 жалпы білім беретін мектептің педагог
психологы, Алматы қаласының Түрксіб ауданы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий