Мектеп – білімнің ұлағатты ұясы

Адамзат баласы білім алу арқылы дүниенің тылсым сырларын оқып үйренеді, болашағына жол ашады. Білімді игерген әрбір жасөспірім техниканың тілің менгереді, халықтың тұрмысын жақсартып, ауырын жеңілдетуге атсалысады. Тұңғыш ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсарин:
Ата-анаң қартайса,

Тіреу болар бұл – оқу.
Қартайғанда мал тайса,
Сүйер болар бұл – оқу, – деп жастарды жүйелі,терең білім алуға үндейді. Алаш ақыны Мағжан Жұмабаев:
Кітап әпер, оқысын балаң қолына,
Малды аяма,оқу—лім жолына.
Өнер алып, басқалармен қатар бол,
Қосыл бірдей адамзаттың тобына, – деп әрбір адамды баласын оқытуға, білім жолына түсіруге шақырады.

Білім жолы мектептен басталады. Оқушы мектеп табалдырығын аттап, білім, тәрбие алып, қияға қанат қағады. Мамандық иесі болып, еліне, халқына қызмет етеді. Біздің білім шаңырағының сексен бес жылдық тағылымды тарихы бар. Мектебіміз 1934 жылы ең алғаш шағын жинақталған бастауыш мектеп боп ашылған. Білімге сусындаған қазақ балалары үшін мектептің ашылуы үлкен қуаныш еді, әрине. 1938 жылы мектебімізге жыр алыбы, ірі ақын Жамбыл Жабаев есімі беріледі.
Жас ұрпаққа ашты мектеп есігін,
Тапты өкімет дұрыс әділ шешімін.
Мектебіміз құрметпенен шын дүлдүл,
Иеленді ұлы Жамбыл есімін. Мектебіміз осы кезге дейін ұлы тұлғаның атын асқақтатып, бойтұмардай бойында сақтап, қастерлеп алып келеді. Сол тұста жасы тоқсаннан асып, жүзге жақындаған Жамбыл атамыз жастарға былай деп өсиет етеді:
Балқытып, бақыт ұйып елге, жерге,
Жасарған мен Жамбылмын елмен бірге.
Келді дос, сүйсіндірді көңілім хош,
Махаббат, қою достық қалың елде.
Мен ғасырдың айғағы жүзге келдім,
Ел бірлігін, бақытын іздеп едім.
Айды аялап, күн құштым, нұр жамылдым,
Кездесіп өмірдегі іздегенім.
Өсиетім:шындықты,адалды сүй,
Ардақтаған халықты, адамды сүй.
Елдің тіккен іргесін игілікке,
Тап бүгінгі бақытты заманды сүй!                                     

Мектебіміз қиын – қыстау cоғыс жылдарында да, одан кейінгі кезендерде де жағдайдың қиындығына қарамастан, жас ұрпаққа  білім беру ісі толастаған жоқ. Мектеп жанынан интернат ашылып, ауыл балалары сонда тәрбиеленіп, білім алды. Кейін ұлтымыздың мақтанышына айналған Шерхан Мұртаза, Қаратай Тұрысов, Өмірбек  Байтелді, Мырзатай Жолдасбеков, қоғам қайраткерлері Өмірбек Байгелді, Қаратай Тұрысов, Мұхамеджан Қаратаев, Есіркепов Оңласын, Мұнатаев Амангелді, Мұнатаев Амангелді, Көпбасаров Мамырбай, Келесов Рахманберді, сенатор Бектас Бекназаров, математика ғылымдарының докторы, профессор Ауданбек Көбесов, ҚР Сенатының депутаты Қожамжаров Қайрат, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Дария Қожамжарова сияқты танымал тұлғалар оқып, білім нәрімен сусындады.

Ой-санасы адалдыққа бойлаған,
Елден ерек халық жайын ойлаған.
Қанат қақты талай тірі саңлақтар,
Есімдері шын аңызға айналған. Біздің мектебімізде әр жылдары білімді, ізденімпаз, еңбекқор, тәжірбиелі, әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген ұстаздар еңбек етті. Тұңғыш педагог, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат,өйткені, мұғалім мектептің жүрегі»  деген еді. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебіде сондай болмақшы, яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрететін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы» деп ой түйеді. Мектеп-гимназия мұғалімдерінің жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді жете игеріп, сабақты жоғары деңгейде өткізуінің нәтижесінде білім сапасы да жылдан-жылға артып келеді.

Мектептің мәртебесі жоғары өрлеп,
Жаңа әдіспен білімде салған өрнек.
Талай озат мұғалім еңбек етер,
Беріліп жұмысына шаршап-терлеп. Қазіргі жаңартылған білім мазмұнын жан-жақты игеріп,шәкірттерге терең білім, тағылымды тәрбие беріп жүрген ұстаздарымыздың қатары мол. Бүгінгі дәуірде білім беру саласында көп нәрсе өзгерді. Нағыз мұғалім өз ісінің шебері болуы керек. Ол әрбір шәкірттің сыни тұрғыда ойлауына бағыт бере отырып, олардың ой-өрісің дауына ықпал етуі, сенімділік қалыптастыруы қажет. Заман талабына сай әрбір ұстаз жаңашыл, ізденімпаз,  білімді, шығармашылық деңгейі биік болуы тиіс. Жаңашыл мұғалімнің мұғалімнің міндеті- бәсекеге қабілетті, терең білімді, таным-қабілеті жоғары, өмірге қызығушылығы мықты, сын тұрғысынан ойлау деңгейі жетік шәкірт  тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі мұғалім – білім саласындағы барша өзгерістердің қолдаушысы, оның дамуына атсалысушы тұлға.

Сондықтан әр мұғалім қазіргі жаңартылған білім мазмұның жете игеріп, жаңа технологиялармен қарулана отырып, жан-жақты дамыған, білімді, отаншыл, еңбексүйгіш, адамгершілік қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды бойына жинақтаған ұрпақ тәрбиелеуі тиіс. Мектебімізде осындай ізденуден жалықпайтын, кәсіби шеберлігін жетілдіруден талмайтын, жүрегі «шәкірт» деп соғатын мұғалімдер қатары молайып келеді. Биылғы оқу жылында білім беру саласында оң өзгерістер орын алып, ұстаздарымыз мол табысқа  қол жеткізе білді. Алдағы уақытта да терең білімді, тәрбиелі шәкірттер көбейіп, мектеп абыройын биіктетуге мүдделіміз. 2019-2020 оқу жылын еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту үдерісімен қорытындылаған барша әріптестеріміздің жемісті жеңіс тұғырынан көрініп, білімнің  биік  белестерін бағындыруына тілектеспіз!

№5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы ұжымы, 
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий