Жас зияткер – 2020: Ұстаздарға мың алғыс!

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мақтанышы, биылғы жылдың бітіруші түлегі Диас Жақсылық мектеп оқушылары атынан ұлағатты ұстаздарға алғыс білдірді. Алтын ұя мектебінің қабырғасында өткізген алты жыл бойы озық білімнің көкжиегіне шығарып, адами құндылықтардың рухани азығымен сусындатып, жүрек жылуы мен мейірім шуағын аямай тәлім-тәрбие берген мұғалімдерге деген құрметін жас зияткер өлең жолдармен жеткізді, – деп жазады осы білім ордасының баспасөз қызметі.

 

Оқушысын баласындай ойлаған,
Сіздей ұстаз мейірімін жоймаған.
Қай кез болсын бар көмегін аямай
Жүректегі жылулығын сыйлаған.
Рақмет сізге барлығы үшін ұстазым.
Мендегі білім, талабымды ұштадың.
Қарапайым көңілімен баураған
Қасиеті бар ғой біздің ұстаздың.
Кешіріңіз, шалыс басқан кездерді,
Балалықпен бұзық болған жүздерді.
Күлімдеген жанарымен нұр шашқан
Ұмытпаймыз сіздің мөлдір көздерді.
Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Жаңа өмірге қадам басар сан ізбіз.
Тәлім беріп, тәрбиелеген ұстазым
Алдыңызда өмір бақи қарызбыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий