Назгүл Серікбай: Зияткерлік мектеп мені үздіксіз дамуға үйретті

Әрбір адамның өмірінде мектептің алар орны ерекше екені айқын. Біріміз мектепте жаңа достар тауып, ұлағатты ұстаздармен таныссақ, енді біріміз өмір бойы азық болар білім нәрімен сусындадық. Мен үшін мектеп — балалық шақтан аттап, үлкен өмірге дайындайтын алтын көпір. Мектеп қабырғасында жинаған тәжірибелер мен ұстаздардан алған ақыл-кеңестеріміз жеке тұлға болып қалыптасуымызға, адами құндылықтарды дамытып, алға қойған мақсатымызға жетуде өз септігін тигізді.

Білім ордасының білікті мамандары мен қызметкерлері армандарымыз үшін талмай еңбек етіп, жарқын болашағымыздың кірпішін қазірден бастап қалау керек екендігін үйретті. Алдағы уақытта мектебіміз тек өркендеп, жаңа зияткер ұрпақ тәрбиелеп шығатынына сенімдімін. Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілігіне, мұғалімдер мен тәрбиелеушілер ұжымына, техникалық қызметкерлерге шын жүректен алғысымды білдіремін, мектебіміздің әрбір бітіруші түлек жүрегінде алар орны әрқашан да ерекше болары сөзсіз, — деген тілегін жеткізеді 12 “А” сынып оқушысы Назгүл Серікбай.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий