Қашықтан оқыту – жаңа тәжірибемізге айналды

Еліміздің аумағындағы жалпы карантиндік жағдай білім беру мекемелері үшін сынақтан өтудің әрі осы бағыттағы жетістіктерді көрсетудің мүмкіндігі. Пандемия кезінде жергілікті жастарды қамтитын біздің арнаулы оқу орны да қашықтан оқытуды талапқа сай ұйымдастыра білді. 

Қашықтан оқыту жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет. Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді.

Бұл ретте қашықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт. Қашықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады: Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет. Наурыз айынан бастап қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып колледж директоры Дуйсебаев Куат Курмангалиевич, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұлдыз Сейтжановна Абдыкадырованың басшылығымен педагогтерге нұсқаулық беріліп, қашықтан оқытудың барлық талаптары мен жұмысты ұйымдастыру түрлері белгіленді.

Педагогтердің білім алушылармен тілдесуі мен кері байланысы мен қосымша сабақтар осы CLASSROOM платформасы, WhatsApр чаттары арқылы жүзеге асырылып отыр. Жаңа форматта жүргізілетін жұмыс түрлері міндетті түрде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұлдыз Сейтжановна Абдыкадыровамен, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Изимжан Абдикаримович Тургановпен келісіледі. Жоспарланған жұмыс түрлері  туралы кез келген ақпарат білім алушылар мен ата-аналарға элктронды чаттар арқылы дер кезінде жеткізіледі. Білім алушылардың қызығушылықтары жақсы, бірақ олармен бетпе-бет кездескенге жетпейді. Баланың арқасынан қағып, көзіне қарап сабақ беру- ерекше сезім. Оны қашықтан оқытуда сезіне алмайсың. Ата-аналар балаларымен бірге сабақ оқу барысында білім берудің қиыншылығын түсінді.

Өз балаларын жаңа қырынан көріп, балаларының мүмкіндіктеріне көздерін жеткізді. Ұстаздың мойнында қанша үлкен жауапкершілік пен еңбек тұрғанын біле бастады деп ойлаймын. Елімізде белең алып жатқан қиындықтарға қарамай, заманға сай жаңашыл әдістердің керегін қолданып, шәкірттеріміздің тарыдай талабына үңіліп, кеудесіне таудай үміт ұялатып еңбек етіп жүрген республиканың түкпір-түкпіріндегі әріптестерімнің еңбегі ерен деп ойлаймын. Білім алушылардың өздігінен білім алуға дағдыланғаны байқалып жатыр, білім сапасы орнықты деп деңгейде деп ойлаймын. Қашықтан оқыту мен тәрбиелеу – кураторларға, білім алушылар мен ата-аналарға да таңсық, жаңа тәжірибе.

Куратор ата-аналарды қашықтар оқыту мен тәрбиелеу процесі, сабақ кестесіндегі өзгерістер мен кері байланыс жасау, оқу барысы мен оқу нәтижелері, білім алушыларға үйде жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етіп отырады. «Ата-ана мен оқытушы және білімгер» атты үштік арасындағы байланыс нығая түсті. Ата-аналар ұстаздардың жұмысын жоғары бағалап, алғыстарын жариялауда. Қашықтан оқыту арқылы олар ұстаз жұмысының көптеген қырымен танысты.

Гузель Касимжановна ТУРГАНОВА,
Шелек политехникалық колледжінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, екінші курс
ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист машинисті
тобының кураторы, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий