Жамбылдық оқушылардың соңғы қоңырауы

Бүгін мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Алтын ұямен қоштасу салтанаты басталмас бұрын аймақ жетекшісі Бердібек Сапарбаев жергілікті «Jambyl» телеарнасынан оқушыларды оқу жылының аяқталуымен және түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтады, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сонан соң Тараз қаласындағы «Жастар аллеясында» биылғы оқу жылының соңғы қоңырауы соғылды. Салтанатты рәсімнен соң арнайы жасақталған алты автокөлік Ұлы ақын Абай Құнанбаев бейнеленген байрақты желбіретіп, алты бағыт бойынша қала көшелерін жүріп өтті.

Көліктерде пәндік олимпиадалар, түрлі шығармашылық халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді көшбасшылары, республикалық «Жас патриоттар» академиясының мүшелері болды. Балалар ақынның поэзиясын, өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділер оқып, әндерін орындады. Бұдан бөлек көліктерде дауыс күшейткіш арқылы «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған құттықтаулар, білім саласының жетістіктері айтылды.

Сондай-ақ, бұл күні әр сыныпта барлық оқушының қатысуымен онлайн соңғы қоңырау және сынып сағаттары өткізілді. Жлпы, биыл облыс мектептерінен 9 171 түлек түлеп ұшты. Мектеп бітірушілердің 78,3 пайызы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн өтініш тапсырған. Оның ішінде 383 түлек «Алтын белгіге», 366 түлек үздік аттестатқа үміткер.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий