Василий Цымбалюк: Қостанайлық педагогтер үлкен жұмыс атқарды және әрқайсысы алғысқа лайық

Құрметті әріптестер! Құрметті ұстаздар! Қашықтан өткізілген төртінші оқу тоқсаны біз үшін өте қиын сынақ болды. Біздің басты міндетіміз: коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде оқыту үдерісін тоқтатпай, балалар мен педагогтардың өмірі мен денсаулығын сақтау еді. Осы міндетті біздің мұғалімдеріміз лайықты орындап шықты.

Еңбек етіп шыдамдылық танытқан, жаңашылдықты тез үйрене отырып, бейімделе білген, ата-аналар мен оқушыларға нағыз конструктивті диалогты ұйымдастырғандар барлық педагогтарға алғыс айтқым келеді. Біздің өңіріміздің мұғалімдері үлкен жұмыс атқарды және әрқайсысы алғысқа ие. Қостанай облысында бірінші болып колледж педагогтары қашықтықтан оқытуға көшті, қысқа мерзімде өз жұмысын жаңа форматта ұйымдастыра білді.

Бірнеше күн ішінде ақпараттық платформаларда жұмыс ұйымдастырылып, онлайн режимде алғашқы сабақтар басталды. Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтарының алдында әлі де сессия және жаңа форматта дипломдық жұмыстарды қорғау міндеті тұр. Бұл олардың қолынан келетініне сенімдімін. Жоғары кәсібиліктеріңіз, шапшаңдылық пен өзгерістерге дайындықтарыңыз үшін үлкен рахмет!

Облыстың ең жас тұрғындарына қамқорлық жасай отырып, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының тәрбиешілері мен қызметкерлері бәрінен де ұзақ қалды. Олардың арқасында мектепке дейінгі балалардың ата-аналары төтенше жағдай кезінде де балалары үшін байсалдылық танытты. Қазір, тәрбиеленушілерінен біраз уақыт бойы ұзақ болғандықтан, бала бақшалардың педагогтары күн сайын жаңа дүниелерді ашуға және тануға көмектесе отырып, сабақтарды қайта жандандыруда. Бұл үшін оларға шын жүректен рахмет айтамын!

Қосымша білім беру педагогтары тек сабақтарды ғана емес, сонымен қатар көрме, флешмобтар мен тіпті онлайн концерттер өткізуді ұйымдастыра отырып, қашықтан белсенді түрде жұмыс жүргізді. Өз шығармашылықтарыңызбен сіздер оқушылар мен олардың ата-аналарына қуаныш пен үміт сыйладыңыздар. Осы уақыт ішінде арнайы білім беру педагогтары тәрбиеленушілермен үнемі байланыста болды, кері байланысты қолдай отырып, өздерінің ерекше оқушыларының әрбір жетістігіне қуана білді.

Мектеп педагогтары үшін де төртінші тоқсан оңай болған жоқ. Қиын жағдайларда әдеттегідей, штаттық, режимде жұмыс істей отырып, өз оқушыларының денсаулығын сақтаумен оларға қажетті білім беру үшін барлық мүмкіндіктерді жасаған мұғалімдер оқу сабақтарын жүргізді. Әр отбасының мүмкіндіктерін ескерумен, сабақтардың икемді кестесін жасай отырып, қашық форматта жұмыс істеген педагогтар өздерінің бос уақыттары мен демалыстары туралы мүлдем ұмытқан.

Қашықтан сабақтарды әзірлеу, түсіндіру және жеке кеңес беру, орындалған жұмыстарды тексеру- осының барлығы 24/7 режимінде өтті. Ұстаздық парыз бен кәсіби шеберлікке адалдықтарыңыз үшін баршаңызға үлкен рахмет! Білім және ғылым министрлігі ITUB – арнасында облысымыздың педагогтарының теле сабақтарын орналастыруы жай емес, олардың сапасының жоғарылығына байланысты алғашқылардың бірі болып пайдалануға ұсынылған болатын.

Оқу үрдісінің осындай ерекше жағдайларда да жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын тағы да дәлелдейді. Сонымен қатар барлық ата-аналар мен балаларға шыдамдылық танытып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын, Сіздер оқу үдерісін ұйымдастыруға үлкен жауапкершілікпен қарадыңыздар. Өйткені біз тек бірге ғана қашықтан оқытудың барлық қиындықтарын еңсере алдық. Жазғы демалыстар мен педагогтардың еңбек демалыстары қауіпсіз және қызықты, қуаныш пен қозғалыстарға толы болсын! Кезекті оқу жылы басталатын қыркүйек айының 1-індегі Білім күнін жаңа күшпен қарсы алайық!

Василий Александрович ЦЫМБАЛЮК,
Қостанай облысы білім басқармасының басшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий