Қашықтан білім беру: Дәстүр мен инновацияны қалай үйлестіруге болады?

Қазіргі таңда жай ғана мұғалім болып қоймай, цифрлық тұрғыда сауатты мұғалім болу маңызды. Неліктен қашықтан оқыту уақыттың сұранысы болып отыр және қашықтан білім беруге байланысты қандай мәселелер бар? Дәстүрлі білім беруді технологиялық инновациямен қалай үйлестіруге болады? Осы және өзге де сұрақтар биылғы мамыр айының 20-21 күндері “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (ПШО) тренерлердің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған “Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және даму келешегі” тақырыбындағы IX республикалық семинарда талқыланды.

Мұндай ауқымдағы іс-шара алғаш рет онлайн форматта өткізілді. Екі күн бойы 260 тренер, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері мен еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің үздік педагогтері, өздерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында өзара пікір алмасты. Сарапшы ретінде Қазақстан, Ресей Федерациясы және Эстонияның қашықтан білім берудегі білікті мамандары сөз сөйледі. Семинарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова ашып, жалпы білім беретін мектептердің қашықтан оқытуға көшуі бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы, сондай-ақ еліміздің білім беру үдерісіне қашықтан оқытуды енгізу перспективалары туралы мәлімдеді.

ПШО директоры Жанбота Кәбдікәрімова еліміздің педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетудегі тренерлердің жұмыс нәтижелерімен бөлісті, бүгінде болып жатқан жағдайды ескере отырып, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің жаңа форматын ұсынды. Сондай-ақ тұрақсыз және тез өзгермелі әлем жағдайында ұйымдағы көптеген бизнес-үдерістерді қайта қарау қажеттігін атап өтті. «Knowledge Engenieering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Нартай Әшім пандемия кезінде оқу үдерісін ұйымдастырудан алынған сабақтармен бөлісті. Шетелдік спикерлер: Ушаков Константин, п.ғ.д., Жоғары экономика мектебі ҒЗУ Білім беру бағдарламалары департаментінің профессоры, Гульчевская Наталья, п.ғ.к., сертификатталған коуч және бизнес-тренер, Киселева Наталия, білім берудегі сарапшы; VTA Халықаралық мұғалімдер академиясының мүшесі, Курвитс Марина, Kurvits Studio педагогикалық дизайн студиясының жетекшісі, педагогикалық кеңесші, сонымен бірге Таллин университетінің математика дидактикасының лекторы Юри Курвитс мазмұнды таныстырылымдарымен бөлісті.

Олардың әрқайсысы қашықтан оқытуға көшудің маңызды аспектілерін қозғады. Мысалы, профессор К.Ушаков қазір цифрлық педагогика саласындағы зерттеулердің өткір мәселесі тұр деп санайды: цифрлық ортада не жұмыс істейді, ал не жұмыс істемейді. Н. Гульчевская коучинг тәсілінің, әсіресе педагогтердің мектепішілік кәсіби дамуында маңыздылығын атап өтті. Global Teacher Prize 50 қатарына енген Н.Киселева онлайн-режиміндегі сессиялардың қарқынымен таң қалдырды. Ол онлайн сабақтарда мазмұн, технология және ұйым арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды, ал интерактивтілік онлайн оқытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынындығына тоқталды. Эстония сарапшылары Юрий мен Марина Курвитс өз елінде қашықтан оқытуға көшу бойынша жұмыстар бұрыннан жүргізілгеніне назар аударды.

Олар сондай-ақ сәтсіздікке әсер ететін бірқатар факторларды санамалап берді. Бұл мұғалімнің цифрлық құзыреттіліктері, оқушылардың қаламаушылығы (зерігу), бақылаушы әкімшілік пен ата-аналардың толқуының жоғары деңгейі кіреді. Семинарда екі күн бойы ПШО мен оның филиалдары тренерлерінің корпоративті дамудың маңызды міндеттеріне – IT жүйелермен тиімді жұмыс жасауға, белсенді дамуға және командада жұмыс істеу дағдыларын жаңартуға арналған шеберлік сабақтары мен  баяндамалары бөлек орынға ие болды. Біздің орталықтағы тренерлер командасы веб-қосымшаларды практикалық пайдалану бойынша семинарға қатысушылардың барлығына интерактивті өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында Microsoft Team Quest онлайн ұйымдастырды.

Шымкент қаласындағы орталық филиалының тренері А.Қалчабековтің қазақ зиялылары: Абай Құнанбаевтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың еңбектерін зерттеу бойынша терең зерттеулер жүргізіп, олардың білім беру, оқыту, педагогика туралы келешектегі ой-пікірлері бүгінгі шындыққа қаншалықты сәйкес келетіні және қазіргі уақытта өзекті болып табылатыны туралы қызықты зерттеулерге толы баяндамасы қатысушылардың қызығушылығына бөленді. Расында да, онлайн кеңістік қазір қарым-қатынастың негізгі ортасына айналды.

«Цифрлық із», «кибер көлеңке» немесе «цифрлық көлеңке» сияқты ұғымдарды жиі естиміз. Бұл не? Бұл біз онлайн кеңістікте қалдыратын іздеріміз. Мысалы, біз хабарлама алмасатын чаттарда із қалады. Ресми статистикаға сүйенсек, бір минуттың ішінде Google-ге 3,8 миллион адам, Facebook-қа 1 миллион, Youtube-те 4,5 миллион видео қаралған, Instagram-да 46 200 пост жарияланған, 188 миллион электронды хат жіберілген. Бұл семинар онлайн кеңістікте өзіндік ізін қалдырды: 260 тренерді тіркеу, онлайн-сервистерді пайдалану, тіпті ZOOM онлайн-алаңының чатында шамамен 3 700 хабарлама жазылған. Бұл дегеніміз таныстырылымдар мен баяндамалар әріптестеріміздің көңілінен шыққандығын білдіруінің нақты дәлелі. Расымен де, семинарға қатысушылар қашықтан білім беру бастамаларын ілгерілету аясында ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік таныта отырып, іс-шараның мазмұндылығы мен практикалық маңыздылығына ерекше мән берді.

Мадина Ағланқызы ТЫНЫБАЕВА,
“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы директорының
білім беру бағдарламалары және халықаралық
ынтымақтастық  жөніндегі орынбасары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий