Республикалық пәндік олимпиада: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім тобындағы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы он екінші республикалық пәндік олимпиаданың жабылу салтанаты ұйыдастырылды, – деп хабарлайдыосы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Пәндік олимпиаданың мақсаты: студенттердің оқу – танымдық және оқу-зерттеу жұмыстарын ынталандыру, кәсіби – тұлғалық әлеуетін, олардың өзіндік санасын, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау, ең талантты және дарынды жастарды іріктеу және қолдау. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жеңіп алды. 2-орынға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті лайық деп танылса, 3-орынды С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қанжығасына байлады.

Сондай-ақ «Ең үздік шығармашылық жоба» номинациясы Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне бұйырса, «Ең үздік таныстыру» номинациясына Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты ие болды. Ал Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Ең үздік эссе» номинациясына лайық деп танылды. «Ең үздік панорамалық оқу қызметі» номинациясын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері иеленді. 

Жүздесудің қорытынды кезеңінде университетіміздің ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы Кәрімова сөз сөйлеп, жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтады. Назарларыңызға онлайн байқаудың жабылу салтанатынан арнайы дайындалған бейне жазбаны ұсынамыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий