Батыс Қазақстан облысы бойынша биылғы оқу жылының қорытындысы мен жетістіктері

Облыс бойынша 390 мектептерде 108 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады. Әлеуметтік желілерде “Сәт сапар, жас түлек!”, “Ұстаздарға мың алғыс”, “Мектеп-білім ордасы”, “Көңілді жазғы демалыс” (үздік мұғалімдер, білім алушылардың жетістіктері туралы, өңірдің үздік білім берудің басқа да жобалары) білім беру мәселелеріне арналған сюжеттер шығарылуда, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мамыр айының 25-і күні 1-10 сыныптар үшін соңғы қоңырау мерекесіне арналған  онлайн-сынып (икемді кесте бойынша) сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағатына қатысуға (мүмкіндігінше ата-аналар), қонақтар – қамқоршылық кеңесінің мүшелері, өңірдің танымал адамдары, өткен жылдардағы мектептердің табысты түлектері, еліміздің және әлемнің үздік университеттерінде оқитын, бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер шақырылады. Аймақ бойынша 2020 жылғы мектеп бітірушілердің саны – 5 142. 2019-2020 оқу жылында облыс бойынша 362 түлек «Алтын белгі» иегері және 223 түлек Үздік аттестат иегері атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий