Химия мамандығы бойынша республикалық пән олимпиадасы онлайн ұйымдастырылды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында химия мамандығы бойынша ХІІ республикалық онлайн пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Басты мақсат – жастардың шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және химия саласындағы студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыруға бағытталған болатын, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Олимпиада нәтижесі бойынша «Үздік команда» номинациясы бойынша 1-орын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2-орынды екі университет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, ал 3-орында үш университет жүлдегер атанды, атап айтар болсақ: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Үздік студент» номинациясы бойынша: 1-орынды иеленген Т.Горшкова (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті), 2-орын алғандар И.Шкрябко (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті), Н.М.Ералиева (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті). 3-орынды иеленгендер: Ж.Сейтқазы (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті), А.Утегенова (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті), Н.Тоқтамыс (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті).

Олимпиаданың жабылу салтанатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Б.Кәрімова барша жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Назарларыңызға онлайн байқаудың жабылу салтанатынан әзірленген бейне материалды ұсынамыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий