Өскемендегі зияткер түлектер ұстаздарына ізгі лебіздерін арнады

Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін биылғы жылы 97 түлек аяқтап отыр. Олардың сегізі «Алтын белгіге», 14-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Біздің түлектеріміз бірнеше озық университеттердің грант иегерлері болып үлгерді. Атап айтсақ, Венгрияның экономика және технология бағытындағы Будапешт, Гон-Конг политехникалық, Римдегі Luiss, Нью-Йорктегі Adeiphi, Стамбулдағы Kadir Has, Латвиядағы Іnternational Baltic Academy, Дебрецен, Duke Kunshan, Tor Vergata, Rome және Назарбаев университеттері, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Мектеп қашанда оқушылар үшін жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болды. Олар осында өткізген оқушылық өмірлерінде ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанып, білім көкжиегін бойларына дарытты. Түлек атанып, алтын ұя мектебінен ұшар сәтте зияткерлер аяулы ұстаздарына алғыстарын жаудырды.

Сейткамзина Аяулым: – Бүгін міне біз де жас түлек атанып, үлкен өмірге жолдама алдық. Енді, алдымызға таңдалған мамандықта өз ісінің білгір де білікті шебері атану мақсатын қойып отырмыз. Осы қимастай болып кеткен алтын ұя мекенімде өткізген әрбір сәттерім үшін барлықтарыңызға үлкен алғыс білдіремін. Мектеп маған тек білім беріп қана қоймай, үлгілі тәрбие, тұлға ретінде дамуыма үлкен мүмкіндік берді. Сәтімізге орай, біздің мектеп қабырғасындағы соңғы жылымыз керемет оқиғалар мен тарихи күндерге толы болды. Солардың бірі – данышпан ақын, дара тұлғамыз Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мерей тойы. Біздің арамызда да ел тарихында Абай атамыздай елеулі орын алып, Қазақ жерінің атын шығаратын талантты, ақылды және ұлағатты адамдар бар деген үмітім зор.

Жан-Жак Руссо айтып кеткен еді: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деп. Өзінің алтын уақыты мен бар білгенін аямай бізбен әрдайым бөліскен, бойымызға білім дарытып, ешбір қиындыққа қарамастан жанымыздан табылған, екінші отбасымыздай болып кеткен мұғалімдеріміз бен кураторларымызға мың да бір алғыс. Мектебіміздің берген білімі мен сіңірген еңбегінің арқасында біз болашақта осы 12 жылдық тәжірибені арқалап, өмірден өз орнымызды тауып, ұлағатты ұстаздарымыз бен ата-аналарымыздың үмітін ақтаймыз деген сеніміміз зор!

 

Омарбеков Алишер: – За многие годы, что я провел за школьной партой, наша школа стала мне вторым домом. Большая часть моего времени была проведена в этих стенах, которые повидали множество историй, связанных с учебой и иными событиями, проводимыми учениками, как 175-летие дня рождения великого акына Абая Кунанбаева, декады нескольких поколений выпускников, юбилей нашей школы, а также празднования в честь 75-летия Победы во Второй Мировой войне. С одной стороны, я хочу начать новый этап своей жизни, покидая школу. С другой стороны, мне грустно осознавать, что это были мои последние дни в НИШ в качестве ученика.

Атмосфера нашей школы уникальна. Только в нашей школе я увидел, насколько близкими и уважительными могут быть отношения между студентами и учителями. Хочу сказать спасибо учителям, которые беспристрастно и упорно обучали нас до самого конца, администрации, которая поддерживала учеников в спорные и тяжелые моменты, кураторам, которые стали настоящими друзьями студентов в школьной и повседневной жизни. А младшим классам хотелось бы посоветовать внимательнее и с полной ответственностью относиться к предстоящим испытаниям.»

 

Дәулетханова Іңкәр: – It is my pleasure to welcome families, friends and teachers to graduation day at Nazarbayev Intellectual School. It is sure unbelievable how lucky we have gotten to actually study at this amazing school and not take the exams. Of course living through these years between kindergarten and graduation may have seemed like eternity for the students..and our teachers but here we are today, finally hearing our last bell ring.We are class of 2020. We are special. We’re not like any of the classes before or after us. We are unique. Don’t you dare forget that. When I was at graduation of my sister Adelaide, I have heard so many speeches but I have remembered only one phrase from the friend of mine Joy. «Each one reach one». I want all of the people here to reach something, everyday. Set a goal and do everything to reach it because in the end it will pay off in the unbelievable ways as it did with the studying in this school.

This school taught us that we can do anything if we set our minds to it. No matter the status, money or other external factors. Important thing is what is inside of each one of us. I can see that all of you guys and teachers are unique in your own ways. So never lose hope and «Each one reach one».

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий