Павлодардағы зияткерлік мектебін 119 түлек тәмамдауда

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» мерекесі алғаш рет онлайн режимін ұйымдастырылып, оқу ордамыздан 119 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Салтанатты рәсімде ұжым жетекшісі Ринат Жумабаев оқушыларға ізгі тілегін білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Оқу жылында білім көкжиегі мен спорттағы негізгі жетістіктерге жеткен оқушыларды дайындаған бірқатар ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады. Мектеп түлектері арасында 11 алтын белгі мен 12 оқушы үздік аттестатқа үміткер. Бүгінгі күннің өзінде бірқатар түлектеріміз шетелдік шоқтығы биік университеттерге грант иегері атанып отыр. Атап айтқанда, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай елдерінің білім гранттарына қол жеткізген.

Оқу жылы қорытындысы бойынша, ең үздік «шаңырақ» анықталып, барлық сайыстар мен байқауларда оза шауып, алдына жан салмаған «Жаужүрек» шаңырағы болып танылды. Сондай-ақ оқуда үздік деп танылған 101 оқушы ерекше құрметке ие болды.  Ата-аналар да өздерінің білім ордасына деген ақ тілектерін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор алғыстарын білдірді. Әлем бойынша 6 беделді университетінің грантына ие болған Даяна Амандосова: – Осындай тарихи күні ұстаздарыма зор алғысымды білдіргім келеді. Алты жыл бойы білім нәрімен суысындатып, өмірлік сабақ берген аяулы жандарыма шексіз ризамын. НЗМ түлегі атанғаныма зор мақтанышпен айта аламын. Мектепте өткізген әрбір күніміз біз үшін ыстық, – дейді.


– Осындай атаулы күнде мектеппен үйде отырып қоштасқанымыз әрине өкінішті. Алайда бізге арнап мектебіміз онлайн түрде оқу ордамыздың тарихынан сыр шерткен керемет видео жасағаны үшін көп рахмет. Алты жыл бойы алтын ұямызда есте қаларлық жарқын сәттерді бастан кешірдік. Осы орайда бізге үлкен үміт артқан ұстаздарыма, жақын достарыма алғысым шексіз! Мектепті тамамдасақ та, ол әрқашан біздің жүрегімізде, – дейді бірқатар халықаралық олимпиада жүлдегері, «Алтын белгіге» үміткер Дияр Туленов. Биыл Қазақстан бойынша Дербес білім беру ұйымын екі мыңнан астам оқушы тәмамдап отыр. Түлектерді қуанышты сәтпен белгілі әнші Димаш Құдайберген құттықтаған еді.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий