Сынып па, әлде үй жұмысы ма?

Жаңа форматтағы оқыту, мұғалімдердің IT – дағдыларын игеруді ғана емес, қашықтан оқытудың мәнін терең түсінуге бағытталғанына тап болдық. Қазір біз қашықтан оқытуда балалардың жас ерекшелігін, техникалық мүмкіндіктері мен оқу дағдыларының қалыптасқан деңгейін ескере отырып, оқушылардың іс-әрекетін қашықтан ұйымдастыру түрінде қарастырамыз.

Қазіргі таңда әрбір мұғалімнің өзіне және өз сыныбына қашықтан оқыту форматының  ыңғайлы тәсілін анықтауы маңызды.  Бүгін біз оқушылардан тек қана оқулық пен электронды күнделіктің болуын талап ететін үйде оқуын ұйымдастырудың қарапайым тәсілдерінің бірін қарастырамыз. Бұл жағдайда қашықтан оқыту үй жұмысын жобалау қағидатының негізінде ұйымдастырылады, алайда қазіргі жағдайда мұғалімге бірқатар өзгерістерді енгізуге тура келеді. Қашықтан оқытудың бірінші аптасында оқушылар сыныптық жұмысқа арналған тапсырмалармен қатар, үй жұмысына берілген тапсырмаларды орындауға тура келеді деп айтқан еді. Мұндай тәсіл бізге тиімсіз ретінде көрінді. Енді бұл сыныптық жұмыс емес, толығымен үй жұмысы болды. Мұнда оқу тапсырмаларының жобалау тәсілдерін қайта қарастыру қажет. Оны іске асыру үшін бірнеше кеңес ұсынамыз.

Үйге берілетін оқу тапсырмаларын мұқият іріктеу. Қашықтан оқыту жағдайында оқушылар үшін үйге берілетін оқу тапсырмалары мұқият іріктелуі тиіс, өйткені ол мұғалім белгілі бір уақытқа белгілеген нақты оқу мақсаттарына жетудің негізгі буынына айналады. Үй тапсырмасы бойынша қойылатын негізгі талаптар: оқушыға тапсырма түсінікті болу қажет: не істеу керек? қайда істеу керек? қалай жасауға болады?; оқушылардың дербес орындауы үшін тапсырма орындай алатын және қолжетімді  болуы тиіс: әр қезде көмектесе алмайтын немесе көмектескісі келмейтін ата-аналардың агрессиясын тудырмау қажет; тапсырма оқушыны қызықтыратын болуы тиіс: оқулықтағы жаттығуға  зерделеніп жатқан тақырып бойынша әрқашан қызықты фильмдердің сілтемесімен толықтырып, шығармашылық сұрақ қосуға болады

Ең бастысы саны емес, сапасы. Тапсырманың көлемін қысқарту ұсынылады – маңыздысы сапасы, саны емес. Оқушы үшін тапсырмалар санын анықтау кезінде  бала өз бетінше жұмыс істегенде, әдетте, баяу жасайды, жеке өзіне қолайлы жұмыс қарқынын таңдап, мұғалімнің тікелей көмегінсіз кездесетін оқу мәселелерін шешетінін ескеру қажет. Сондықтан үй жұмысын пән бойынша оқу мақсатына сәйкес бір немесе бірнеше оқу тапсырмаларынан тұратын және электронды күнделікке “жазылған”  немесе мұғалім ойластырған жұмыс тәртібімен берілген жұмыс парағын беруге болады.

Оқу тапсырмасы = теория + тәжірибе. Қашықтан оқыту жағдайында оқу тапсырмасының орындалуына қажет болатын теориялық материалды енгізу қажет. Мысалы: – екінші жаттығуды орындау үшін сізге 3 ережені еске түсіру керек: «Түбір сөзде жазылып, екпін түспейтін дауысты дыбыстардың емлесі», «Түбір сөздегі кезектесіп жазылатын дауысты дыбыстардың емлесі», «Түбір сөздегі тексеруге келмейтін дауысты дыбыстардың емлесі». Қосымша материалмен танысып болғаннан кейін тапсырманы орындандауға кірісіңдер. (оқу үшін ресурстар ұсынылады, мысалы, сабақтың таныстырылымы).

Үй тапсырмаларын орындауда  педагогикалық сүйемелдеуді күшейту. Қашықтан оқыту кезеңінде оқушыларға оқу тапсырмаларын орындауда педагогикалық сүйемелдеу қажет. Сүйемелдеу жанама немесе тікелей болуы мүмкін. Жанама педагогикалық сүйемелдеу – мұғалім берілген оқу тапсырмасының нұсқаулығы арқылы оның орындалу ерекшеліктерін түсіндіреді. Осы тұрғыда нұсқаудың  ұйымдастырушылық та және мазмұндық сипатының болуы маңызды. Егер Сіз бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын болсаңыз, жұмыс парақшаларына ата-аналар үшін тапсырманы орындау нұсқауын қоссаңыз жақсы болар еді. Сондай-ақ, оқу тапсырмаларын орындауда тікелей педагогикалық сүйемелдеудің де болуы өте қажет. Ол онлайн түрінде, телефон немесе әртүрлі мессенджерлер арқылы консультациялар және сабақтардың өткізілуі арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.

Тапсырманы бағалау – оқушының ынтасын көтеру. Егер оқушылардың үй тапсырмасын орындауын қаласаңыз – міндетті түрде тексеріңіз және бағалап отырыңыз. Бұл оларды ынталандырады. Үй тапсырмасын тексерумен шектелмейтін, сонымен қатар пән бойынша  ұсынымдар, түсіндірмелер негізінде қателермен жұмыс және болашақтағы жұмысты оқушылармен кері байланыс арқылы  ұйымдастыратын қалыптастырушы бағалауды пайдалану қажет. Егер, виртуалды дәптерді пайдалансаңыз – балаларды өзара бағалау үдерісіне  тарту мүмкіндігі болады.

Динара Серікқызы ИЛЬЯСОВА,
“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының тренері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий