Жас түлек – 2020: “Алтын белгі” иегері – Әсия Әділбекқызы

Тағылымды тарихы бар біздің білім ордасынан биыл көптен күткен «Алтын белгі» иегері шықты. Бұл әрине, оқушының еңбегі,ізденісі. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен 11-сыныпқа дейін үздік оқып, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі сайыстарда топ жарған мектептің мақтанышы, қала берді ауылдан әрі асып ауданға танылған талапты жас Әуесхан Әсия Әділбекқызы.

Мектепте  жиырма тоғыз жылдан бері мұндай «Алтын белгі» алған оқушы болмаған еді. Бұл жетістік мектеп мұғалімдерінің еңбегі, көрсеткіші. Әсия кішкентай кезінен бастап оқуға өте ынталы, зерек, шығармашылық қабілеті мықты, поэзияға бейім болып өсті. Отбасындағы атасы Әуесхан мен әжесі Жаңалықтың алғашқы немересі, үлкендердің тағылымды тәрбиесімен үлгілі де сауатты оқушы болды.

Аудандық, облыстық, халықаралық пәндік, ғылыми жобалардың бірнеше  дүркін жеңімпазы болды. Ендігі мақсаты  қалаған мамандығының адал иесі болу. Арманы өзіне білім берген ұстаздары сияқты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу. Алдында толы мақсаты мен ұмтылысы бар Әсияға «Талабың оң болсын!», – дейміз.

Ізгі ниетпен,
№81 орта мектептің ұстаздар ұжымы мен
сыныптастары,
Қызылорда облысының
Арал ауданы, Қызылжар ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий