Жамбылдық жас режиссерлер бақ сынасты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық білім басқармасының мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды үйлестіретін аймақтық «Жамбыл дарыны» орталығының бастамашылдығымен «BILIM анимация» өңірлік байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздары анықталды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.


Байқау оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін арттыру мақсатын көздеді. Анимациялық бейнероликтер байқауына облыс бойынша елуге жуық оқушы қатысып, жаңашыл жобаларын ұсынды. Бейнероликтер байқауына аталмыш саланың білікті мамандары қазылық етіп, жеңіске лайықты қатысушыларды анықтады. Расында, еліміздегі кенжелеп қалған саланың бірі – анимация. Шетелдік туындыларға тәуелді болып отырғанымыз содан болса керек.

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардан қол үзе бастағанымызға да осының ықпалы бар. Сондықтан бұл бағытта тиісті жұмыстарды жүргізу қажет-ақ. Ал бұл конкурстың соған қозғау салады деген үміт мол. Онлайн байқаудың шарттарына сәйкес қатысушылар «Мен еріктімін!», «Менің елімнің тарихы», «Балалардың бал мекені» және «Қызықты робототехника» тақырыптары бойынша 2-3 минуттық анимациялық фильм әзірлеу керек болды. Қатысушылардың туындылары білім басқармасының “YouTube” желісінде жарияланып, жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталды.


Жеңімпаздар мен олардың жетекшілеріне электронды пошталарына арнайы дипломдар мен Алғыс хаттар, қатысқаны үшін сертификаттар жолданды. Бейнероликтер байқауының нәтижесінде: «Мен еріктімін!» номинациясы бойынша бірінші орын – Сарысу ауданындағы Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназияның 5 сынып оқушысы Байзақ Аружан; екінші орын – Шу ауданындағы Еңбекші орта мектебінің 8-сынып оқушысы Рахыш Қарақат; үшінші орынды – Сарысу ауданындағы Жаңаталап орта мектебінің оқушысы Айдар Шарапат жеңіп алды.

«Менің елімнің тарихы» номинациясы бойынша: І орын – Сарысу ауданындағы Абай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Әтейбек Досымжан; ІІ орын – Т.Рысқұлов ауданындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Марат Дана; ІІІ орын – Сарысу ауданындағы Әйтеке би атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Қуанышбек Бекболат жеңіп алды. «Балалардың бал мекені» номинациясы бойынша: І орын – Сарысу ауданындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Әбдіғали Нұрзат; ІІ орын – Тараз қаласындағы №41 көпсалалы мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Абсатар Бек; ІІІ орын – Сарысу ауданындағы «Ақтоғай» орта мектебінің 6-сынып оқушысы Мадияр Сымбат жеңіп алды.

«Қызықты робототехника» номинациясы бойынша: І орын – Қордай ауданындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Маулен Арайлым. ІІ орын – Сарысу ауданындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Байбосын Мерей. ІІІ орын – Қордай ауданындағы №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Қалдарбеков Мансұр жеңіп алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий