Павлодардағы зияткерлік мектебінің түлегі Ислам Сүлеймен ұстаздарына алғысын білдірді

– Мектеп қабырғасындағы 12 жылғы оқуым да өз мәресіне жетті. Осы уақыт аралығында жанымнан табылып, баға жетпес білім беріп, өмірлік маңызы бар құнды сабақтарымен бөліскен ұстаздарыма зор алғысымды білдіргім келеді. Сіздермен өткізілген әрбір уақыт аралығы мен үшін мәңгі есте қаларлық сәттерге толы болды десем қателеспеймін. Ерең еңбектеріңізге басымды иемін. Өмірдің барша жақсылығы мен игілігін тілеймін. Алдарыңызда қарыздармын. Әлемнің қай нүктесінде болсақ та тек жақсылықта жолыққанша демекпін. Рахмет! – дейді Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Ислам Сүлеймен.

Ол бүгінгі таңның өзінде Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және Ұлыбритания елдерінің университеттерінен тегін білім алуға ресми шақыртуларды алып отыр.  Мектеп қабырғасында Ислам ерекше белсенділігімен көзге түскен оқушылардың бірі. Ол мектеп медиасының қалыптасуына зор үлес қосқан бірнеше бағдарламалардың жүргізушісі атанған шәкірттердің бірі. Ол облыстық «Ертіс» телеарнасындағы НЗМнің мұрындық болуымен жарыққа шыққан «Ғылым Stars» интеллектуалдық тележобасының жүргізушісі болды. Барлық мектептегі мәдени іс-шарлардың тұрақты жүргізушісі, әрі ғылыми жұмыстарымен де халықаралық додаларда топ жарған. Осылайша 2019 жылы Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында өткен «Young Scientist» Халықаралық ғылыми жобалар сайысының 1 орын иегері атанды.

«Қазақстандағы сакралды туризмді дамыту» атты ғылыми жобасымен Назарбаев Зияткерлік мектебінің желілік конкурсында 1 орынды иеленіп, Ыстамбұл қаласында өткен «Тіл, Білім және Мәдениет» атты ІІ Халықаралық ғылыми конференциясында «Жылдың жас зерттеушісі» номинациясына ие болды. «Sacred Tourism Kazakhstan» мобильді қосымшасымен Берлинде өткен ЮНЕСКО «Sustainable Tourism» конкурсында «жылдың үздік жобасы» категориясы бойынша финалист атанды. Сондай-ақ, зияткерлік меншік патентіне ие болған 12 сынып оқушысы Ресейдің Қазан қаласында өткен халықаралық ғылыми жобалар сайысында үшінші орынды иеленіп, облыстың “Жылдың start-up идеясы” конкурс-аукционында жеңімпаз атанған. Бала кезден тіл меңгеріп, жаңа мәдениетпен танысу аса қызықтырғандықтан, болашақ мамандығымды «халықаралық қатынастармен» байланыстырғым келеді. Келешекте дипломат ретінде жаһандану дәуірінде мемлекеттің дамуына үлесімді қоссам деген ниетім бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий