Балдәурендік спорт нұсқаушылар балаларды қашықтан баптады

“Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда”, – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтып өткендей дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі таңның басты мақсаты.

Сондықтан мектеп қабырғасынан басталған дене шынықтыруға деген құштарлық өмір бойы деннің саулығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сергек жүруге күнделікті тыныс тіршілігінде қалыпты болуына үлкен септігі тиері сөзсіз. Елімізге ғана емес бүкіл әлемге кесірін тигізген пандемияның себептерінен спорт кешендері, мектеп спорт залдары, дене шынықтыру сабақтары уақытша тоқтатылған болатын. Алайда Жер жәннәті Жетісу өңірінде Қапшағай төсінде орын тепкен балалардың арман аралы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының спорт нұсқаушылары бұл сұрақтың жауабын тауып, ұтымды пайдаланды десек болады.

Атап айтар болсақ, еліміздің түкпір-түкпірінен келетін жас жеткіншектерге спорт жайлы көптеген жүйелі білім беріп, дене шынықтырумен айналысуына көп септігін тигізу мақсатында орталықтың спорт және туризм бөлімі мамандары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Балардың демалысы жоғарғы деңгейде өтуіне бірден бір себепкер кешен мұнымен тоқтап қалмай мамыр және маусым айларында өткізілген онлайн ауысымда белсенділік көрсетті. Әр таң сайын спорт-нұсқаушылар таңғы жаттығуды үзбей жүргізіп отырды. Таңғы жаттығу әр түрлі дене мүшесіне пайдасын әкелетін жаттығу түрлерімен ерекшеленді.

Аяқ бұлшық еттерін шынықтыру мақсатында еркін созылып, түрлі пішімде отырып тұруға бағытталды. Сондай-ақ басқа, қолға, білекке ең маңыздысы ұсақ дене мүшелеріне арналған жаттығулар жүргізілді. Орталықта дәстүрлі өтетін «Олимпия» спорттық ойындарын желі арқылы жүргізді. Инстаграм желісі арқылы онлайн ауысымға қатысушы балалар спорт нұсқаушыларының тапсырмаларын бұлжытпай орындап, уақытқа берілген жаттығу түрлерін балалар таласа орындап, желіге #денсаулық кепілі жаттығуға рахмет хештегтері арқылы салып отырды.

Олимпия ойындарына өзгерістер енгізілді топ пен орындалатын сайыс түрлерінің орынына түрлі сайыстар үй жағдайында уақытқа орындап және бұл спорттық бәсекеге отбасымен қатысу мүмкіндігі болды, ата-анасы және белгіленген сайысқа шамасы жететін бауырларын да қатыстырды. Олимпия ойындарының үздігі марапатталып мадақтамалары электронды желі арқылы жеңімпаздарға жіберілді. Қызығушылық үйірмелері «Фитнес», «Растяжка», «Power training» бағыттарында желі арқылы жүргізіліп отырды.

Үйірме нәтижесінде балалардан жақсы тілектермен жаңа дағдылар қалыптастырғанын білдік. Қашықтан жұмыс жасау барысында педагогтер өздерінің технологияларды жұмыстарында тиімді пайдалана алатынын іс жүзінде дәлелдеп, балалар мен ата-аналар ықыласына бөленуі оларға тың күш пен сенімділік сыйлады.

Тәрбиеші, жаттықтырушы, құтқарушы және спортқа баулитын жанашырлық қабілеттердің барлығы осы жандар бойынан табылады десек артық айтқандық емес. Алдағы уақытта да балдәурендік спорт-нұсқаушы педагогтер салауатты өмір салтын ұстанған саламатты, дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін өздерінің іс-тәжірибесін аямайды.

Азамат Дастанұлы АБЕНОВ,
“Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығының аға спорт-нұсқаушысы,
Алматы облысының Қапшағай қаласы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий