Білім мазмұнын жаңарту – уақыт талабы

“Біз білім – ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз”, – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Жиырма бірінші ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшеленеді. Қазіргі заманғы оқытушы информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметті тастап, керсінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. 

Еліміздегі төтенше жағдай білім беру саласында өз өзгерісін ала келді. Оқытушыларымыздың бойында белгісіздік билегені рас. Жаңалықты елден бұрын үйренетін білім саласының қызметкерлері Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ел аумағына енгізілген төтенше жағдайға байланысты оқыту жүйесін онлайн, қашықтықтан  оқуға көшетінін мәлімдегеннен бері ұстаздар қауымы өз жұмысын қашықтан оқытумен  бастап кетті. Колледж  жұмысының барлық жүйесін біртұтас байланыстыратын мұғалімнің педагогикалық шеберлігін көтерудің маңызды құралы әдістемелік жұмыс. Студенттер және ата-аналармен жүргізілген жұмыстарда колледж басшысы мен әкімшілік, әдіскерлердің, әрбір педагог инженерлердің өз ісіне деген жауапкершілігі мен төзімі, кәсіби біліктілігі сынға түсті.

Колледждегі әр студенттің қашықтан оқуға мүмкіндігі бар жоғын анықтаудан басталған жұмыс, оқытушыларға әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу, түрлі білім беру платформаларымен жұмыс істеуді меңгеру, қашықтан оқытудың ерекшеліктерін игерту мақсатында ұйымдастырылған онлайн вебинарларға  қатысу педагог-инженерлерінің бір сәтте толастамаған жұмыстарының тізбегі. Біздің ұйымшыл ұстаздар ұжымы да осындай қауырт жұмыстың қызған ортасында жүріп, міндеттерін абыроймен атқарып отырғанын мақтанышпен айтқым келеді. Бүгінде педагог-инженерлер  қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша жұмыс жасауда. Төмендегідей:   колледжде «WhatsApp»  желісі, Upkzh.platonus.kz платформасы, “ZOOM” бағдарламасы енгізіліп, өз жұмыстарын атқаруда. Polytech Online сервисінің аясында студент дәрістерге, тесттер мен үй тапсырмаларына қол жеткізе алады.

Кез келген жағдайда оқытушымен байланысып, оған сұрақ қоюға, вебинарға қатысуға әрқашан мүмкіндік бар. Студенттер сонымен қатар онлайн түрде байланыс жасауды қамтамасыз ететін Microsoft Teams, Skype, Zoom секілді басқа да балама IT-құралдарын қолдана алады. Осылайша, Polytech Online виртуалды аудиторияға айналып, студенттерге еліміздің кез-келген бұрышынан білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге карантин кезінде үйлеріне кеткен студенттер оқу процесін үзбей білім ала алады, ал интернетке қосыла алмаған жағдайда олар кейіннен, өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта дәрістерге қол жеткізе алады. “ZOOM” бағдарламасы арқылы колледжішілік видеоконференция, вебинарлар, жас мамандарға кеңес, ата-аналар жиналысы өткізіледі.

Біз үйлерінде жұмыс жасап отырған оқытушылармен үнемі байланысты “ZOOM” бағдарламасы арқылы жүргізіп, туындаған мәселелерді онлайн қарастыруға жол таптық. Оқытушылар тынымсыз жұмыс жасап жатыр. Ал, түрлі жағдайлармен үйден жұмыс жасауға компьютер құралдары жоғына колледж есебіндегі ноутбуктер мен компьютерлермен қамтамасыз етілді. Ал, интернет қолжетімсіз жерлерге “Казпочта” бөлімшелері арқылы тапсырмалар жіберілуде. Әрине, проблема жоқ емес. Бастысы – талап ету, қадағалау. Шығармашыл, талантты педагогтарды анықтау мақсатында облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығы тарапынан ұйымдастырылған әдістемелік шаралар жұмысымызды жандандыра түсті.

Ашық сабақтар фестивалі, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай эссе байқаулары, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай интернет конференция, қашықтан оқыту жағдайында кәсіби білікті мамандарды қалыптастырудың тәжірибедегі мүмкіндіктерін көрсету мақсатында аймақтық, облыстық, республикалық іс-тәжірибе алмасу вебинарлары өткізіліп, әдістемелік сүйемелдеудің мүмкіндіктері аясында тәжірибе алмасып, ұсыныстарымызды талқылып отырамыз. Ұлы ақынның мұрасын кеңінен насихаттау және тәжірибе алмасу мақсатында «Абай әлемі» атты облыстық интернет конференциясы Абайтануды оқытудың өзекті тұстарын, қазақ мәдениетін қалыптастырудағы орнын, қара сөздерінің түсініктемесі мен ауызекі аудармасын, адамгершілік мұраттары туралы  ақпараттарды алды. Іс-тәжірибе алмасу  вебинарлары тек облыс көлемінде ғана шектелмей республикалық, халықаралық дәрежеде педагог инженерлер шығармашылық ізденістерін жетілдіруде.

Алматы облысы әдістемелік орталығының ТжКБ бөлім басшысы Исаханова Шынар Кабиевнаның ұсынысы бойынша «Слесарлық іс» мамандықтары «ELEKTUDE» бағдарламасын қашықтан ұйымдастырудың мүмкіндіктерін көрсету мақсатында халықаралық деңгейде қашықтан оқыту бойынша өзара тәжірибе алмасты. Өндірістік сабақтарды қашықтан «ELEKTUDE» бағдарламасының әдіс-тәсілдерін пайдалану барысында сабақтастықтың жаңа жолдарын, мүмкіндіктерін іс-тәжірибеде пайдалануды айқындауды көрсетті. Білікті басшы колледж директоры Б.Алтаев басшылығымен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Намазбаева, өндірістік жөніндегі орынбасары Т.Шабденова, колледж әдіскері Г.Абилханова, өндірістік оқыту шебері К.Рахматуллаев қашықтан оқытуды жүзеге асыруда ұйымшыл ұстаздар қауымымен оқытуды барынша сапалы жүргізуде іс-тәжірибе бөлісіп, күш салуда.

Өндірістік сабақтарды қашықтан «ELEKTUDE» бағдарламасының әдіс-тәсілдерін пайдалану барысында сабақтардың жаңа жолдарын, мүмкіндіктерін іс-тәжірибеде пайдалануды айқындау мақсатында «Слесарлық іс» мамандықтары бойынша  «ELEKTUDE» бағдарламасын  қашықтан ұйымдастырудың мүмкіндіктерін көрсету тақырыбында Ресей Федерациясының Сургут политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Николай Воротников, Украина мемлекетінен Барский Көлік және құрылыс колледжінің өндірістік оқыту шебері Олександр Вольтрих  , SenSys Engineering LMS Electude орталығының директоры Андрей Бракоренко, Қазақстандық Орал қаласынан Орал Ақпараттық Технологиялар колледжінің техникалық бөлім басшысы Утешов Бауыржан Сагынгалиевич, «Profi+» оқу орталығының директоры, SenSys Engineering бағдарламасының Қазақстандағы өкілі Марковский Александр Александрович қашықтан оқыту жағдайындағы тәжірибелерімен танысып, ой бөлістік.  Бұл бірлескен жұмысымыздың тың бағыттарды айқындағанның белгісі.

Сонымен қатар ұжыммен, студенттермен маңызды мәселелерді талқылау барысында колледж директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Сеитова, оқу бөлімі меңгерушісі А.Интина, педагог-психолог Н.Калыгулова қашықтан білім берудің тиімді әдіс тәсілдерін іздестіріп, тез икемделуіне мүмкіндіктер туғызды. Жаңа дәуір – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Еліміздің болашағы, өмірдің жалғасы, ертеңгі күннің азаматтарын  тәрбиелеп өсіріп, білім беру жолында  тынымсыз, қажырлы да қайратты еңбек етуге бар күш жігерімізді жұмсай бермекпіз.

Гүлмира АБИЛХАНОВА,
Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің
әдіскері Алматы облысының Жамбыл ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий