Білім мен ғылымға ашылған айқын жол

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы пандемияға байланысты онлайн форматта өткені баршамызға мәлім. Онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етіп, жиында адам капиталын дамыту, білім беру, денсаулық сақтау мәселелері талқыланды. Президент еліміз коронавирус пандемиясының шарықтау шегінен өткенімен, індетпен күрес әлі аяқталмағанын атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев отырыстың күн тәртібі туралы айта келіп, білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажеттігіне назар аударып, осы мерзімге дейін білім саласына бөлінетін қаражат алты есе, ғылымға бөлінетін қаржы жеті есе өсетінін айтты. Демек, педагогтар мәртебесі артады, грантқа бөлінетін қаржы үш есе көбейеді, медицина қызметкерлерін қолдау күшейеді деген сөз.

Қазақстанның білім саласына бөлетін қаржысы жеткіліксіз екенін, соның салдарынан білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда кенжелеп қалғанын айтпасақ та көпшілікке белгілі. Жағымды хабар елдегі білім мен ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ. Бұл келешек ұрпақтың жақсы білім алып, білікті маман атануына, ұстаздар қауымы беделінің арта түсуіне зор мүмкіндік ашпақ.

Жүніс ОМАР, 
ЕҰУ оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий