Қашықтан оқыту: Маңызды мәселенің мәнісі

Елімізде төтенше жағдай жарияланған соң барлық білім беру мекемелерінде қашықтан білім алу мен тәрбиенің түрлі тәсілдері кеңінен қарастырылғаны белгілі. Оқшаулану кезеңіндегі соны үдеріс білім берушінің білімгерлер үлгіріміндегі нәтижелерге жаңаша көзқараспен қарауына, олармен өзара қарым-қатынастағы амалдарды өзгертуіне жедел ықпал етті.

Біздің арнаулы оқу орнының педагогтары қашықтан білім беру технологиясын игеру арқылы кәсіби деңгейлері мен біліктіліктерін жоғарылату үшін қабілет-қарымдарын жетілдіруге үлкен мән берді. Әрі іскерліктері мен шеберліктерін ақпараттық коммуникативтік технология талаптарымен  жүйелі  түрде ұштастыруға жылдам бет бұра білді. Күнделікті қарбалас кездері үйретудің үздік әдістерін іздеу барысында басты тәрбиешілер санатындағы ата-аналармен байланысты әлсіретіп алатынбыз. Қашықтан білім алу барысында жеткіншектің тұлғалық қасиеттерін жетілдіруге қажетті оқытушы – тәрбиеші мен отбасының қарым-қатынасының үйлесімділігінің маңызы барынша артқаны анық.

Себебі үйден оқу барысында жасөспірімдердің психологиялық ахуалын ескеру арқылы баланың ойындағы, жан түкпіріндегі, дәптеріндегі нәрселердің бәрі ортақ мүдде тұрғысынан қайта қарастырылды. Өйткені жаңа технологияда отбасындағы оқушының сабаққа тікелей қатысуын, сонымен қатар оларға қолайлы жағдай жасайтын және қадағалайтын ата-аналардың қызметі күшейді. Әрине үлкендердің көбісінде кездескен бала тәрбиесіндегі заманауи педагогикалық психологиялық өзгерістер мен ерекшеліктерден бейхабар болуындағы кемшіліктерді түзету оңайға соққан жоқ. Сорақылықтарға соқтыруы мүмкін маңызды мәселенің алдын алу үшін педагогикалық-психологиялық тұрғыдағы ағарту ісі сапалы жоспарланып, ұтымды ұйымдастырылуы қажет. Сода ғана психологтың топ жетекшісі ретіндегі ата-аналар арасында жүргізетін жұмыстары дұрыс нәтиже бере алады.

Баланың (жасөспірімнің) жеке физикалық және рухани дамуы үшін қолайлы жайлы жағдайлар жасалуына колледж тарапынан көп көңіл бөлінді. Әсіресе әрбір білімгердің үйінде қолайлы және жағымды атмосфералық және моральдік-психологиялық ақуал қалыптасуына; өзін-өзі ұйымдастыруға, жауапкершілікке, қажеттілікке; білімгердің педагогтармен, жолдастарымен, ата-аналарымен қарым-қатынастарында туындаған мәселелерді бірлесе шешуге; білімгердің өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуына бағыт-бағдар беруде; бір күнді дұрыс жоспарлау, тиімді де жақсы көңіл-күймен өткізу бойынша және ата- аналарға, қамқоршыларға қашықтан оқыту барысында баланың (жасөспірімнің) жеке физикалық және рухани дамуы үшін қажетті ақыл кеңестер ұсыну мақсатында.

Анар ОМИРБЕКОВА,
Сарқан политехникалық колледжі
директорының оқу-тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

4

Добавить комментарий