Ұстаздарымызға бас иеміз

Осыдан он жыл бұрын  ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен ұстаздарыма мың алғыс. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бізге, он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатып, таудай болып шығуымызға әсер етті. Әр сыныпты аяқтаған кезде үш айлық демалыстың тез өткенін қалап, мектебімізге баруға асығатынмын.

Бүгінде сол қиындығы мен қуанышы қатар жүрген сәттерді сағынамын. Мен үшін ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбас күн! Мен үшін балалықтың балғын шағымен қоштасқан күн! Осындай бақытты  кезеңдерді сезіндірген ұстаздарымыздың абыройлары артып, шығармашылық шыңды бағындырсын. Еккен дәндеріңіз жемісін берсін. Сабағымыздың соңғы сәттерінде елімізде болған пендемияға байланысты алтын ұя мектебіміз уақытша жабылуымен қоса биылғы жас түлектердің кеші жылдағыдай өткізілмейтіні өкінішті. Алайда аталған шектеулерге бағынып, үйде отбасымызбен бас қосып отырсақ соңы үлкен жеңіске әкелетініе сенемін. Халқымыз аман, байрағымыз биік болсын!

Жас түлектер бері қара, көңіл сал,
Жақсы оқып, керектісін біліп ал.
Пандемия болғанына қарамастан,
Онлайн сабақтардан білім ал.
Басты байлық бізде тек денсаулық қой,
Жас түлектер кеші бізде болмады ғой.
Деп мұңайып ренжудің қажеті жоқ,
Өмір бұнымен тоқтамады біліп қой.
Мектеп бұл ғажап біздің мекеніміз,
Қоштасып бүгін бізде кетеміз.
Ардақты асыл жанды ұстаздар,
Сіздерге үлкен тағзым етеміз.
Аяулы ұстаз біліммен сусындатқан,
Жаздай жайнап жарқырасын жаныңыз.
Он бір жыл  балаңыздай қарсы алған.
Сізге бүгін арнау тартты  балаңыз,

Нұрсұлтан БАТЫР,
№1 КГУ тірек мектебінің 11 сынып оқушысы, 
Қарағанды облысының Осакаров ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Ұстаздарымызға бас иеміз

Добавить комментарий