Алдыңғы буын әріптес ұстазымның өнегесін ерекше үлгі тұтамын

Мен алғаш қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалім болып келгенімде, көңіліме күлкі үйіріп, болашағыма бағдар жасата білген әріптес болды. Ол – Қызылбаева Ғалия ұстазым болатын. Университет қабырғасын енді бітіріп, дипломымды құшақтап келген мен, жанына жақын тартатын алдыңғы аға буын әріптеске зәру болатынмын. “Әріптесіңді көргенде, жақсы қарсы ал, әлемде ең жақсы адамдармен жұмыс істеп жүргенін сезінсін”- деген сөзді оқыған болатынмын. Осы оқыған сөз менің өмірімнен орын алды. Ең қызығы Ғалия апай мен оқушы кезде мені оқытқан болатын.

Алайда балалықтың боданында болғандықтан ба, менің есімде, оқушы кезімде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Ғалия апайымның көңілін қалдырған болатынмын. Үлгілі ұстазымның өмірлік ұстанымы “біреуге не істесең алдыңа сол келеді” деген сөз еді. Сол кезде неге айта береді деуші едім. Алма кезек өмір ғой мен де ұстаз болып, шәкірт тәрбиелеп еліміздің білім саласына өз үлесімді қосып жүрдім. Күндердің күнінде әлгі Ғалия апайыма істеген әрекетімді менің бір оқушым қайталады. Шын мәнісінде адам басына іс түспей, көп нәрсенің қадірін білмейді екен.

Мен Ғалия апайыммен әңгімелесіп отырып, көңілімді қалдырған оқушым туралы айтып отырсам, маған қарап жымиды да: “Оқушы кезде менің де көңілімді дәл осылай қалдырған болатынсың,” – деді. Мен сонда ойладым, әдепті адам әдептілігін, текті адам тектілігін көрсетеді екен ғой деп. Ұстаздардың қадірін ұстаз болғанда біледі екенсің. Әрине менімен үш жылдай әріптес болған Ғалия апай зейнетке шығып кетті. Дегенмен менің жүрегімде мәңгілік із қалдырды. Біреуге бірнәрсе айтпас бұрын, жасамас бұрын терең ойлану керектігін ұғындым.

Ғарифолла Мақсатұлы СЕРІКБАЕВ,
Балтабай Нұрлыбекұлы Нұрлыбеков атындағы
жалпы білім беретін орта мектептің
қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Түркістан облысының Ордабасы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий