Асылбек – ең жас ерікті ретінде белсенділігімен беделді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен биылғы жыл Еріктілер жылы ретінде айрықша атап өтіле бастағаны баршамызға белгілі. Нәтижесінде тәуелсіз мемлекетіміздің қоғамдық істерінің дамуына қомақты үлес қосып жүрген еріктілердің жұмысын бір орталықтан ұтымды үйлестіру арқылы ерен еңбегінің әділ бағалануына көп көңіл бөлінуде. Еріктілердің басты мақсаты –  қолдау мен көмекке зәру адамдарға ақы пұлсыз жәрдем жасап, жүрек жылуын сыйлау. Әлеуметтік шаралардың тиімді жүзеге асырылуына пайдасын тигізу.

Еріктілер – кез келген игілікті істі адал және абыроймен атқаруға мүдделі. олардың қатары күн санап көбейіп келеді. Сондай жастардың бірі- Асылбек. Жасы 15-те. Өзбекстандағы су қоймасы жарылғанда, Мақтарал ауданына көмек көрсететін еріктілер тобындағы ең жас ерікті болған. Асылбек еріктілер штабында нақты немен айналысқанын айтып берді.

Менің есімім Қалманбек Асылбек. Мақтарал ауданы Мырзакент кентінде тұрамын. Биыл 10-сыныпты аяқтаймын. Мектебіміздегі қосымша білім беру педагогы «Еріктілер жылы» жарияланғаннан бастап, бізді осы ізгілікті қызметке баулыды. Аудан жастарына түрлі тренингтер өткізіп, еріктілер тобын құрды. Мен сол топтың төрешісі болдым. Сосын ауданымыздағы жастар ұйымының басшысына өз ойларымды айта бастадым. Ол кісілер бірден қолдады. Өз ауылымызда қарттарға, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, қайрымдылық шараларын ұйымдастырып жүрдік. Ауданымызға су апаты келген кезде бірден ерікті болуға ұсыныс білдірдім.

Ерікті болудағы басты міндетің қандай болды? – Ең бірінші адамдарға қамқорлық жасау, көмек көрсету. Мен Мақтаралға көмек еріктілер тобына қосылғаннан бастап видео түсіріп, штабқа көмек сұрап келген отбасыларға қажетті азық-түліктерді есептеп, тиеп, таратуға қатыстым. Біз туыстарының үйіне көшіп келген адамдарға азық-түліктерді мобильді көліктермен жеткізіп жүріп түрлі жағдайларды көрдік. Шынымен мұқтаж отбасыларға барынша көмектесіп, қажеттіліктерін жеткізуге тырыстық. Ерікті болу кезінде өз ноутбугыммен жұмыс жасадым. Көптеген ақпараттарды қабылдап, ұзақ пайдаланғаннан ноутбугым бұзылып қалғаны бар. Түркістан жастар ұйымының басшысы Амалбек аға осы жағдайды біліп, қолдаушылармен бірге екі күннің ішінде жаңа ноутбук алатын соманы жинады. Солай ерікті болу арқылы, ноутбук сыйға алдым.

Көмек көрсету жұмыстарын қазірде жүргізіп жатырмыз. Болашақта да ерікті боолуды жалғастырамын деген ойдамын. Ата-анамда дән риза. Ерікті болып, адамдарға көмек көрсетіп жүргенде әжемнің қуаныштан жылап алған кездері де болды. Мектепте өзін-өзі басқару ұйымының президенттімін. Бос уақытымда қоғамды шараларды ұйымдастырамыз, бокстан облыс көлемінде жүлделі орындарым бар. Пәндік олимпиадаларға дайындаламын. Ән шырқағанда ұнайды. Болашақта туризм саласын дамытқым келеді. Ал алдағы уақыттарда ерікті ретінде жаңа жобаларға қатысамын, – деді ол сөзінің соңында.

Айғаным Жасымбекқызы ТҰРЫСБЕК,
Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта
мектебінің биылғы түлегі,
Түркістан облысының
Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий