Асхат Аймағамбетов: “Педагогтер мәртебесі туралы” Заң мен саланы дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануының тарихи маңызы бар

Бүгін сағат 11:00-де ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халық алдындағы есеп беру кездесуі министрліктің және министрдің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында онлайн форматта ұйымдастырылды.

– Қорытындыланып отырған 1999 – 2020 оқу жылының барысында еліміздің тәуелсіздік тарихында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюымен “Педагогтер мәртебесі туралы” білім мен ғылым саласындағы тұңғыш Заң және Үкіметтің мақұлдауымен Қазақстан Республикасының Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Бұл құқықтық құжаттардың тарихи маңызы бары сөзсіз. Себебі осы заңнамалар алға қойған басты мақсаттар мен міндеттерді шешуге көмектеседі, – деді алғашқы сөзінде еліміздің бас ұстазы Асхат Қанатұлы.

Салалық құрылымның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше министрге сұрақтар мен ұсыныстар ведомствоның ресми интернет ресурсындағы арнайы «сұрақ-жауап» бөлімі арқылы қабылдануда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий