Ұстаздықтар министрдің есеп беруінде айтылған тың бастамаларды талқыға салды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп берді. Кездесу онлайн форматта министрліктің Facebook парақшасының тікелей эфирінде ұйымдастырылды. Білім беру саласындағы соңғы өзгерістер мен жетістіктер һәм проблемаларды қамтыған кездесуді Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы да қалт жібермей тамашалады.

Сөз басында өткен жылдың басты жетістігі ретінде «Педагог туралы» заңның қабылдануы екендігін атап өткен Асхат Қанатұлы аталмыш салада белең алған түрлі тақырыптарда сөз қозғады. Оның ішінде, мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық кеңестің үшінші отырысында шығарған шешімдері, оқулық мәселесі, қашықтан оқытудың тиімді, тиімсіз тұстары, ауылдағы мектептердің хал-ахуалы, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу қадамдары мен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібіне енгізілген өзгерістер айтылып, Білім және ғылым министрі соңғы  жаңалықтармен қатар өз пікірін де ортаға салды. Білім беру саласының сапалық көрсеткіштері мұғалімдер қауымына тікелей байланысты болғандықтан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің есеп беру кездесуінде айтылған әр мәселе Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы үшін таңсық емес.

Дәл осыны жақсы түсінген  USTAZ университетінің ұжымы министрдің тікелей эфирінен кейін аталған мәселелерді қызу талқылады.  Университет ректоры Ержан Әмірбекұлы өзі басқарып отырған педагогикалық оқу орнының жүйелі қадамдарына тоқталып, алдағы жоспарларды тыңғылықты жүзеге асыру үшін  оқытушылар құрамына өз істеріне деген  құлшыныстарын  екі есе күшейтуді тапсырды. – Асхат Қанатұлы атап өткен мұғалімнің құқықтық мәдениеті қазіргі таңда әлі де өзектілігін жойған  жоқ. Болашақ педагогтерді даярлайтын ЖОО ретінде бұл мәселеге бей-жай қарамауымыз керек. Сондықтан құқықтық мәдениет пен академиялық тазалықты студенттеріміздің бойына сіңіру үшін аянбай еңбек етуіміз – еліміздің болашағы үшін аса маңызды, – деді Ержан Әмірбекұлы.

Өз университеттерінің дамуына қосқан үлесі ел өркендеуіне қосар өлшеусіз еңбек болатындығын алдыға тартқан оқытушылар құрамы да өздерінің мазмұнды пікірлерін ортаға салып, түйткілді мәселелердің шешуші жолдарына тоқталды. Болашақ педагогтердің сапалы санатын жасақтауды мұрат еткен USTAZ университетінің ұжымы осылайша стратегиялық жоспарлары мен қадамдарын тағы бір мәрте айқындады.

ТарМПУ ақпараттық-имидждік қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий