Проблемалық оқыту моделі бойынша зерттеушілік дағдыларды дамыту

Бала дарындылығы ғалымдардың зерттеу еңбектерінде талдамалық тұрғыдан көрсетілген: арнайы психометриялық тест; баланы бақылаудың түрлі тәсілдері; сынақ сабақтарын өткізу; педагог тарапынан оқушының іс – әрекеті мен мінез – құлқын бағалау; әр түрлі зияткерлік байқаулар ұйымдастыру; оқушы шығармаларын зерделеу және психодиогностикалық тренинг.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесінде оқушылардың дарындылығын анықтауда мына психологиялық сауалнамалар нәтижесіне сүйенеміз. Әрі аргументтеу моделі; жүйеге негізделген сұрақтар; проблеманы шешуді жауаптары қарастырылады. Проблемаға бағытталған оқыту моделінде сабақтың бастапқы кезінде қандайда бір проблема ұсынылаған соң оқушылар: бізге не белгілі?; нені білу керек? қалай біле аламыз? – деген сұрақтарды шешудің жауаптарын саралайды.

Мәселен бірде пән тақырыбына байланысты біздің аймақтың экологиялық жағдайына байланысты арнайы хат жазылды. «Құрметті жас зияткерлер! Мен Жылой ауданына  қарайтын шағын ауылда тұрамын. Ауылымыздың жанында мұнай-газ өңдейтін заводтар  бар. Біздің өңірдің мұнайының құрамында күкірт мол. Жаз бойы өз ауламды көгалдандыру үшін бірнеше гүлдер екен едім, алайда ешқандай гүлім өспеді. Осы проблеманы шешу үшін көп іздендім. Ғаламтордан зерттеулерді қарай отырып, топырақтың pH анықтауды шештім. Зерттеу нәтижесінде менің жерімнің топырағынын pH 5 ке тең екен. Ал көптеген өсімдіктердің өсуі үшін топырақтың pH 6 – 6.5 болу керек.

Топырақтың pH қалыпқа келтіру үшін кальций гидроксидінің ерітіндісі қажет. Алайда менің қолымда кальций металы ғана бар. Сіздерден менің келесі сұрақтарыма жауап табуға көмектесуіңізді сұраймын: неге ауладағы топырақтың pH 5 ке тең болды?; кальций металынан кальций гидроксидін қалай алуға болады? Оқушылар хатты оқи отырып, талдау арқылы проблемалық оқытудың үш сұрағына нақты жауаптарын барлығы ойласа отырып, бірге жазады.

Айсауле Нурболатовна ТЛЕУЛЕСОВА,
Атырау қаласы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің
мұғалімі, модератор

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий