Тәрбиеші тәжірибесі: Бала – баянды болашағымыз

Жергілікті бала бақшадағы тәрбиешілік қызметіме аз уақыт болған жоқ. Сондықтан әріптестеріме өскелең ұрпақты адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдептілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуді маңыздылығына байланысты білетінімді баяндасам деймін. Бала өміріндегі әке тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі отбасы ынтымақтастығы. Бала өміріндегі ата-ананың міндеті. Әрине балаға дұрыс тәрбие беріп, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырып қоғамға бейімдеу барлық  ата-ана үшін  үлкен  міндет. Бүгінгі  таңда  балаға жақсы тәрбие беруге әр ата-ана жауапты. Әңгіме арқауы отбасы ретінде бала  тәрбиесіне  басшылық ететін әкенің  рөлі жайлы  болмақ.

Отбасында  бала  тәрбиесі  дегенді ата-аналардың  көпшілігі, әсіресе әкелердің  ұғымында  баланы  асырауды яғни киіндіруді  мүмкіндік болса  оқуға  түсіруді  тәрбиеледім, жеткіздім деп түсінеді. Бірақ тәрбие  беру тек  осымен  ғана  шектелмесе керек. Тәрбие деген ұғымның аясы кең. Ересектердің балаларға тек материалдық тұрғыдан ғана емес, моральдық  психологиялық ықпал  етуі де  тиіс. Баланы  дүниеге  келген  күннен  бастап, оның  бұдан былайғы тағдырына ата-анасы  бірдей  жауапкер.Отбасындағы  әкенің  беделі тек қана оның әр отбасы мүшесіне қатысты әкелік сезіміне байланысты. Себебі бала мінезі әр түрлі. Біреулер салмақты, иланғыш, екіншілері  ұшып-қонған дегбірсіз, ашуланғыш, үшіншісі қатігез  болса, тағы  бірі  қайратсыз  жалқау болады. Көбінесе  әкеге қыз баланың  жақын болатынын  байқаймыз. Әкесінің сөзін қуаттап құрметпен  қарайтын  қайсар қыздар  аз  емес.

Сондықтан  әкенің  бүкіл  өміріне барлық ісіне, мінез-құлқына  және олардың еңбек  етуіне  тәрбиелі  ісінің ең маңызды  факторлары деп қарауымыз керек. Себебі отбасындағы бала тәрбиесі әкенің күнделікті  тіршілігіндегі ең күрделі  істерінің бірі ретінде ұғынсақ онда бұл істерді әсіресе әкелер тарапынан әрқайсысымыз мойындай  қоймаймыз. Ал  бұл  істі  осылай-ау деп мойындамау отбасындағы жүйелі бала тәрбиесінің жоқтығы. «Әке  көрген  оқ  жонар, шеше  көрген  тон  пішер» деп босқа  айтылмаған  шығар. Отбасында әр әке ұлын ойындағындай тәрбиелей  білсе, күнделікті  біз айтып жүрген «тіл алмайтын тентектер» мен «қылмыс жасайтын бұзықтар» қайдан шығады деген ой туады. Сондықтан да халықтың «Әке терек, бала  бұтақ» деуі де осындай қағидаларға  сүйенгеннен болса керек. Егілген шыбықққа дұрыс күтім жасалып, ұдайы бапқа алынбаса қисық өсуі мүмкін. Немесе қурап қалады. Сол сияқты балаға да жақсы тәрбие беріп, ұдайы назарда ұстаған жөн.

Ұл мен қызға жақсы жол көрсетіп, кішіпейілдікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, жауаптылыққа бағыттаудың оңай жұмыс еместігі берлігі. Сондықтан баланың үй  ішіндегі тәрбиесін белгілі бір жүйеге келтіріп, әлеуметтік  мүддемен байланыстыра жүргізу негізінен әкенің басты міндеті. Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Отбасында баланың жан дүниесін рухани құндылықтарға бейімдеген абзал. Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да мектепте де қолымен істегеніне жауап бере алады. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жастар. Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала  өмір  бойы ақтап бола алмайды Балаға арналған махабаттан артық саналы сезім жоқ шығар. Құнды қасиеттер әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңеді. Бұл мыңдаған  жылдар бойы  сақталып  келе  жатқан  ұлтық дәстүріміз.

Қазіргі кезде бала тәрбиесіне тек қана ата-ана емес, заманауи  технологиялардың  дамыған  заманы  болғандықтан  телефон, планшет, интернет пен теледидар, кітаптар, кинолар, барлар мен клубтар жан-жақты әсер етуде. Кейде жас  ұрпақтың  сырт жаққа қалаға барғанда өздерін дұрыс ұстамай тәрбиесіздік көрсеткенін жиі  байқаймыз. Қасындағы дос жарандарының теріс ықпалы мен қоғамдағы келеңсіздіктердің кесірінен шығар жақсы ұл-қыздардың азғындыққа ұрынғанын көріп жүрміз. Басқасын айтпағанда ата-анасына сөз  қайтарып, тіпті  қол  көтеретіндері  де  бар. Дегенмен жастарға дұрыс жол көрсетіп, имандылыққа жетелеу жанұяның ынтымақтастығына байланысты.

Бала өміріндегі ата-ананың  тәртіптік бақылауы мен қадағалауы кеміп кеткені рас. Күйбең тіршіліктен қолы босамайтын үлкендер жұмыстан шаршап келетіндіктен перзенттерінің білімі мен тәрбиесіне аз уақыт бөледі. Кейбір  ата-аналар  бұл жұмыстарды зейнет жасындағы ата-әжелерінің мойнына жүктеп қойған. Бала бақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдері арасындағы байланысты әлсіретіп алған ата-аналар балаларының тентектігі мен жалқаулығына ұстаздар қауымын кінәлайды. Әрине ата-әжесінің тәрбиесімен өскен бала әке-шешелеріне бағынбайтын қыңыр дағдыларға әдеттенеді. Себебі олар көбіне үлкендердің айналайынмен айтқан ақылын тыңдамауға үйренген. Қазақы тәрбиеге көнгендері жұмбақ пен мақал жарысында ерекшеленіп, атасы мен әжесінің мағыналы әңгімелері мен оқыған кітаптарынан сусындағанын бірден байқатады. «Қариясы  бар  үйдің, дариясы бар» десек-те олардың денсаулығын естен шығармаған жөн. Отбасында ата мен әженің, әке мен шешенің ортақ тәрбиесімен бой түзеген баланың болашағы жаман болмайтындығы белгілі. Демек ұл-қызымызға біліммен қатар тағылымды тәрбие де қоса сіңірілуі қажет. Яғни ұрпағымызды дұрыс жолға бағыттаудың алтын кілті ата-ананың қолында.

Шынарай МУКАНОВА,
“Жұлдыз” бөбекжай балабақшасының
тәрбиешісі, Алматы  облысы, Көксу  ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий