Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияның аэрокосмос мектебіне барады

24 шілдеде Назарбаев орталығында мектеп оқушылары арасында транспорт саласындағы республикалық байқаудың финалдық іріктеу туры ашылды. Жеңімпаздар Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэрокосмос мектебіне тағылымдамадан өтуге барады. Бұл турады ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметі хабарлады.   
1 
Байқауды өткізудің мақсаты – көлік саласына деген қызығушылықты арттыру және білімді тереңдету, сонымен қатар оқушылардың мамандықты саналы түрде таңдауына ынталандыру. Биылғы жылы байқау екінші рет өткізіліп отыр. Оған қатысушылар 16 мен 18 жас аралығындағы барлық облыстағы жалпы білім беру мектептерінің оқушылары. Өңірлік іріктеу турларын облыс әкімдіктері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері өткізді. Финалдық іріктеу кезеңіне 85 адам келді. Әр команда 4 оқушыдан және 1 команда жетекшісінен тұрады. Финалдық іріктеу турын Астанада 24 мен 26 шілде аралығында Крэндфилд университетінің өкілдері өткізуде.
Финалдық іріктеудің қорытындысы бойынша 40 оқушы (2 жеңімпаз команда, сондай-ақ әрбір облыстан финалға қатысқан 2 оқушы)  тамыздың 19-ы мен 26-ы аралығында Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэрокосмос мектебіне оқу-танымдық сапарға жіберіледі.
Байқаудың ұйымдастырушылары – ҚР Әділет министрлігі, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Ұлттық зияткерлік меншік институты,  Назарбаев университеті және Крэнфилл университеті.
Крэнфилд университетінің аэрокосмос мектебінің, Эйр Астана және «Samruk – Kazyna Trust» КҚ өкілдерінен тұратын конкурстық комиссия қатысушыларды презентациясының сапасы (ауызша және жазбаша); шығармашылық ойы және ұсыныстың (жобаның) тиімділігі, ағылшын тілін қолдануы және ұсынылған тапсырмаларға дұрыс жауап беруі бойынша бағалайды.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов: «Аталған конкурс балаларға техникалық мамандықтарды дұрыс таңдауға, ағылшын тілінің деңгейін арттыруға көмектеседі, сондай-ақ әлемнің үздік аэрокосмос мектебіне баруға мүмкіндік береді. Біздің басты міндетіміз – жас өнертапқыштарға қолдау көрсету», – дейді.
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *