Тәлімгерлік тәжірибе: Математика практикумы бағдарламасын бағамдағанда 

Жетінші сынып оқушыларына арналған «Математика практикумы» элективті курсының оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатты құрайды. Білім беретін мектепте жоғары сыныптарда оқытудын жаратылыстану-математикалык бағытты оқушылардың көбісі таңдауына байланысты, математикаға бағыттау мақсатында жетінші сыныпқа арналған математиканың негізгі білімін толықтыратын және тереңдететін курсын әзірлеу қажет болды. Білім беру мазмұнын жаңартуда оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында сабақтан тыс, факультатив сабақ арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту. 

Қазіргі информатизациялау дәуірінде математиканың негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден – бір негізгі элементі болып табылады. Математикалық функционалдық сауаттылық- оқушылардың алған білімдерін практикалық жүзеге асыра білу, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеялды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастарды қамтиды. 7 сынып курсы бойынша әр тараудан кейінгі берілетін тарихи мағлұматтар және ежелгі ғалымдардың еңбектеріне көп көңіл бөлінбей қалатындықтан, бұл факультативте 7 сынып курсы бойынша математикалық ежелгі ғалымдардың еңбектерін толығымен қарастырып, талдау арқылы математиканың шығу тарихының маңызын түсінетін болады.

Жаратылыстану-математикалық бағытының оқытудың негізгі мақсаты математикалық есептеуледің, өлшеулердің, зертеулердің нәтижесіне баға беру, математикалық білімдерді өз бетімен алу дағдырларын қалытастыру болып табылады. Бағдарламаны меңгеру барысында 7 сыныптан бастап оқушыларға «Математика практикумы» пәнінің мазмұнын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен байланыстыру, математикалық шығармашылыққа қызығушылықты және математикалық түйсік пен математикалық қабілетті дамыту мақсаты қойылды. Тәжиребелік математикалық біліктері мен дағдырлары басқа да мектептегі пәндерді оқытуда, бәрінен бұрын жаратылыстану-математикалық бағытының пәндердін өткенде қажет болады.

Бағдарламада оқытудың негізгі міндеті математиканың негізгі іргелі түсініктерінің сапалы меңгерілуін қамтамасыз ету, бағдарламаның 10 санының дәрежесі. Көпмүшелер және оның тәсілдері. Қысқаша көбейту формулалары Евклидтің Бастамаларында. Логикалық есептеулер. Алгебралық бөлшектер Диофанттың «Арифметика» еңбегінде. Ауызша есептеулер. Математиканы өмірмен байланыстыру. Жуықтап есептеулер теориясы бөлімдері бойынша  білім, білік дағдыларын дамыту оқушыларды математикаға бейімдеу болып табылады, өйткені бағдарлама есеп шығарудың берік білімдер мен біліктердің қалыптастыруына, оқушылардың математикалық дайындықтың биік деңгейіне жетуіне мүмкіндік береді. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ақпараттық технология кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Турғанбай Қ.Е. пікірін ескере отырып, оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 31 қазанындағы №604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрылды.

Математика практикумы   пәнінің оқылуы оқушылардың ой өрісін дамытуына, логикалық пайымдау жүргізуіне, дәлелдеу жүргізуге, практикалық есептерді шығаруда математикалық білімді қолдануына бағытталған. Математиканы нақтылықты тану әдістері мен сипаттау тұрғысы жайлы түсінікті және нақты процесстердің ғылыми түсінігіндегі математикалық модельдеудің рөлін қалыптастыру. Математиканың жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі, математиканың өркениет тарихындағы және қазіргі қоғамдағы маңыздылығы туралы ойларды дамыту. математикалық ғылымның дамуының әртүрлі кезеңдеріне ғалымдардың қосқан үлесі тұрғысынан оқушылардың жан-жақтылығын кеңейту. Математиканың есебін шығаруға жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру, қазіргі заманға сай сыбайлас пәндерді зерттеу үшін қажетті математикалық білімді игеру, күнделікті өмірге керекті математикалық білімді қолдану, математикалық білімді практикалық іс-әрекетке қолдануын дамыту.

Казіргі заман қоғамда адамға өмір сүруі үшін қажетті ойлау қабілеттерін, жалпы әлеуметтік бейімделу мен практикалық мәселелерді шешуін қалыптастыру, оқушылардың ой өрісінің дамуы. логикалық пайымдауды дамыту, әр оқушының шығармашылық қабілетінің әлеуетін көтеру. пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тұлғаның әлеуметтік қозғалысын қамтамасыз ететін қасиеттерін, өздігінен шешім қабылдау мүмкіндігін тәрбиелеу. өздік жұмыс жасай алатын дағдыларды, жеке және топтық жұмыста өзін-өзі бағалауды  дамыту. берілген тақырып бойынша оқушылардың өздеріне есеп құрастыратындай мүмкіндік беру, оларды шешу, сабақтарға презентацияларды дайындату. келіп түскен мәлімет ағынындағы бағдарлану білігін дамыту. Оқушыларды ойындық, қатысымдық, практикалық, зерттеуші әрекеттерге еліктіру.

Жаратылыстану-математикалық бейініндегі пәндерді ары қарай оқу үшін жағдай жасау. алған білімдерін сыбайлас пәндердің есептерін шығаратындай қолдануды қалыптастыру, АКТ пайдалануына жол беру.Білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізіп, оқушының дара ерекшеліктерін саралап дамыта оқытуды жүзеге асыру. Сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру, ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру, шығармашылық потенциалын қалыптастыру арқылы жалпы мәдениеттілік қызығушылығын дамыту. Оқушының жан – жақты тұлға ретінде өркендеу: логикалық ойлау қабілеті ой өрістің дәлдігі, кеңістіктегі елестеу, алгоритмдік мәдениеті, интуиция, сынау және өзін сынау. Ғылыми және техникалық универсал тілі, үрдісі мен құбылыстарды моделдеу тәсілі ретінде математиканың идеясы мен әдістерін қалыптастыру. 

Математика тәсілдері арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, атақты математиктердің еңбектерімен танысу, қоғамдық прогресс үшін математиканың алатын орнын білу міндеттері қойылды. Бағдарламаны оқыту барысында күтілетін нәтижелері: оқушыларда құрметтеу,ынтымақтастық дағдыларын, әрекетшілдіктің әр түрлі нысандарын, мінез-құлық ережелерін, білімнің функционалды және шығармашылық қолданысын игереді. Оқушылар сыни тұрғысынан ойлаудың дағдыларын игерген, байланыстың алуан түрлі тәсілдерін, соның ішінде топтың ішінде жұмыс пен жеке жұмыс дағдыларын меңгерген, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың әр түрлі формаларын игерген. Оқушылар қысқаша көбейту  дағдыларын меңгерген. қысқаша көбейту формулаларын түрлендіруді орындай алады. Оқушыларда қысқаша көбейту формулалары туралы түсініктер қалыптасқан, қысқаша көбейтудің  элементтерімен танысқан.

Оқушыларда көп мүшелер және оның тәсілдері, қысқаша көбейту формулалары, Евклидтің бастамаларында, логикалық есептеулер, алгебралық бөлшектер, Диофанттың еңбегінде,ауызша есептеулер, математиканы өмірмен байланыстыру, жуықтап есептеулер теориясы туралы  білім-біліктері қалыптасқан. Математикалық сөйлеу және жазу мәдениетін жақсарту, қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйрену яғни дүниенің ғылыми бейнесін математикалық тұрғыда елестете алу. Математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Атақты математик ғалымдардың еңбегімен танысу. 7-сыныптарға математика пәнінен «Математика практикумы» тақырыбындағы элективті курсының жаңартылған бағдарлама аясында құрылған авторлық бағдарламасы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жасалынған.

Мазмұны мақсаттар жүйесі бойынша анықталған, оқыту деңгейлерге, бөлімдер мен тақырыптарға және күтілетін нәтижелерге бағдарланған. Оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуда, дарынды балаларды қалыптастыруда қолдану үшін тиімді жазылған. Әр бөлімнің соңында зертханалық, шығармашылық жұмыстарда балалардың өз бетінше ізденуіне, шығармашылыққа жетелейтін тапсырмалар орындауға бағытталған. Әр баланың жеке дамуына ерекше мән берілген. Элективті курстың оқу бағдарламалық жүктемесі 34 сағатқа есептелген. Бағдарлама құрылымы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес және оқушылардың өз бетінше ізденуіне, зерттелуіне ықпал жасайды. 

Сонымен бірге “Мәңгілік ел” Қазақстан халқының жалпы ұлттық идеясының жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатындағы құндылықтар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, сыйластық, бірлесе жұмыс жасау, еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрбиесінің негізгі құндылықтарына негізделіп, балаларды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Авторлық бағдарлама орта буын сыныптардың оқу бағдарламасының талаптарын ескере отырып жасалған. Ізденушінің көптеген теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, мектептегі өз тәжірибемнен  пайдаландым. Жұмыста авторлық талдау және пікір қорыту жеткілікті болды.

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Бейсембаева Бибигуль Адигуловнаның алгебра пәнінен 7-сыныпқа арналған «Математика практикумы» элективті курсының жаңартылған бағдарлама аясында құрылған авторлық бағдарламасына ПІКІР: Бейсембаева Бибигуль Адигуловнаның 7-сыныптарға математика пәнінен «Математика практикумы» тақырыбындағы элективті курсының жаңартылған бағдарлама аясында құрылған авторлық  бағдарламасы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жасалынған. Мазмұны мақсаттар жүйесі бойынша анықталған, оқыту деңгейлерге, бөлімдер мен тақырыптарға және күтілетін нәтижелерге бағдарланған. Оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуда, дарынды балаларды қалыптастыруда қолдану үшін тиімді жазылған.

Әр бөлімнің соңында зертханалық, шығармашылық жұмыстарда балалардың өз бетінше ізденуіне, шығармашылыққа жетелейтін тапсырмалар орындауға бағытталған. Әр баланың жеке дамуына ерекше мән берілген. Элективті курстың оқу бағдарламалық жүктемесі 34 сағатқа есептелген. Бағдарлама құрылымы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес және оқушылардың өз бетінше ізденуіне, зерттелуіне ықпал жасайды. Сонымен бірге “Мәңгілік ел” Қазақстан халқының жалпы ұлттық идеясының жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатындағы құндылықтар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, сыйластық, бірлесе жұмыс жасау, еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрбиесінің негізгі құндылықтарына негізделіп, балаларды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Авторлық бағдарлама орта буын сыныптардың оқу бағдарламасының талаптарын ескере отырып жасалған. Ізденушінің көптеген теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, мектептегі өз тәжірибесін пайдаланғаны көрініп тұр. Жұмыста авторлық талдау және пікір қорыту жеткілікті. Бейсембаева Бибигуль Адигуловна «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» атты нормативтік құжатты басшылыққа ала отырып жасағанына толығымен келісемін.

Қ. ТҰРҒАНБАЙ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ақпараттық технология кафедрасының меңгерушісі,  техника ғылымдарының кандидаты                               

Тұрақтылау бөлімі. Оқу материалының мазмұны: «10 санының дәрежесі» 5 сағат. Тұрмыстық өмірге байланысты есептерде, яғни өте үлкен сандарды жазу, есептеу үшін 10 санының дәрежесін қолдану. «Көп мүшелер және оның тәсілдері» 5 сағат. Көпмүшелерге амалдар қолдана отырып, тиімді тәсілдермен ықшамдау. «Қысқаша көбейту формулалары. Евклидтің бастамаларында 1 сағат. Евклидтің бастамаларында. Қысқаша көбейту формулалары 5 сағат. Евклидтің еңбегіндегі геометриялық түрде берілуін қарастыру, талдау. «Логикалық есептеулер» 5 сағат. Пән аралық байланыс туғызатын есептерді шешу, жұмысқа, жылдамдыққа, физикалық шамаларға қатысты есептер. «Алгебралық бөлшектер» 4 сағат. Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану. 1000 көлеміндегі сандарды есептеу. Санның дәрежесін жаттау. Жалпылама қайталау  1 сағат. «Ауызша есептеулер» 5 сағат. Ауызша есептеудің тиімді тәсілдері. Симметрия. Біздің әлемдегі симметриялар. Бізді қоршаған фигуралар. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру. Математиканы өмірмен байланыстыру. «Жуықтап есептеулер теориясы» 3 сағат. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, математиканың өмірмен байланысын зерттеу, талдай білуге үйрету.  


Нормативті бөлім  (аптасына 1 сағат, жылына  34 сағат)

Ұзақ мерзімді жоспардың тараулары

Тақырыптар/ ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны                                         

Оқытудың мақсаттары

Сағаттар саны

Білім беру продукті

жалпы

теория

практика

І   жарты жылдық  (16   сағат)

7.1.А.                  10 санының дәрежесі.

Дәреже

7.1.1.1 – Дәреженің анықтамасын және берілу тәсілін білу.

1

 

1

Есеп шығару

 

10 санының дәрежесі

7.1.1.2-10 санының дәрежесін анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

1

 

1

Есеп шығару

Санның стандарт түрі

7.1.1.3-Санның стандарт түрі анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

1

 

1

Есеп шығару

Берілген шамаларды ондық бөлшекпен жазу

7.1.1.4-Берілген шамаларды ондық бөлшекпен жазу анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

2

 

2

Есеп шығару

 

7.1.В

Көпмүшелер және оның тәсілдері.

 

 

Көпмүшелер және оның тәсілдері

6.4.1.5-көпмүшелер және оның тәсілдері

1

 

1

Есеп шығару

 

Көпмүшелерді ықшамдау 

7.2.1.3- Көпмүшелерді ықшамдау анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

1

 

1

Есеп шығару

 

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу

7.2.1.3- Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

1

 

1

Есеп шығару

 

Топтау тәсілі

7.2.1.4- Топтау тәсілі анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

1

 

1

Есеп шығару

 

Топтау тәсілін қолдану арқылы шығаратын теңдеулер

7.2.1.4- Топтау тәсілін қолдану арқылы шығаратын теңдеулер анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

1

 

1

Есеп шығару

 

7.1.Г

Қысқаша көбейту формулалар

Қысқаша көбейту формулалар

7.2.1.5- Қысқаша көбейту формулалар анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

1

 

1

 

Қысқаша көбейту формулалар

7.2.1.5- Қысқаша көбейту формулалар анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

4

 

4

 

7.1.Д

Евклидтің бастамаларында

Евклидтің бастамаларында

7.2.1.7- Евклидтің бастамаларында анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

1

 

1

 

1 жарты жылдық  бойынша жиынтық бағалау

Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып есептер шығару.

                                                    ІІ   жарты жылдық  (18   сағат)

 

7.1.Е

Логикалық есептеулер

Ауызша есептеудің тиімді тәсілі

 

5.2.1.2- Ауызша есептеудің тиімді тәсілі анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

 

2

1

1

Есептер шығару

Мәтін есептеулер

5.7.1.4- Мәтін есептеулерді шығаруды үйрену

1

 

1

Есептер шығару

Олимпиада есептері

5.8.1.5- Олимпиада есептері анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

2

1

1

Есептер шығару

7.1.К

Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану

Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану

7.2.1.5- Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану

1

 

1

Есептер шығару

1000 көлеміндегі сандарды есептеу

7.2.1.5- 1000 көлеміндегі сандарды есептеу анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

2

1

1

Есептер шығару

Санның дәрежесін жаттау

7.2.1.5- Санның дәрежесін жаттау анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

1

 

 

Есептер шығару

7.1.Л

Ауызша есептеулер.

Ауызша есептеудің тиімді тәсілдері

7.2.1.5- Ауызша есептеудің тиімді тәсілдері анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

1

 

1

Есептер шығару

Симметрия.Біздің әлемдегі симметриялар

7.5.4.4- Симметрия.Біздің әлемдегі симметриялар анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

2

1

1

Есептер шығару

Бізді қоршаған фигуралар

6.5.6.3- Бізді қоршаған фигуралар анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

2

1

1

Есептер шығару

7.1.М

Жуықтап есептеулер теориясы

Санды белгілі үлеске дейін дөңгелектеу

4.5.7.6- Санды белгілі үлеске дейін  дөңгелектеу анықтамасын және шығарылу тәсілін білу.

2

1

1

Есептер шығару

Жуықтап есептеу

4.5.7.6- Жуықтап есептеуді және шығарылу тәсілін білу.

1

 

1

Есептер шығару

1І жарты жылдық  бойынша жиынтық бағалау

1

Жалпылама қайталау

1

Барлығы

34 сағат

               

Ақпараттық әдістемелік бөлім. Оқытуда қолданылатын технологиялар. Стандарттардың талаптарына сәйкес білім мазмұнын игеру үшін жаңартылған оқыту жүйесінің технологиялары. белсенді оқыту негізіндегі құралған технологиялар. Негізінде – жеке және топтық оқыту тәсілдері, жалпы оқудың білік пен дағдыны қалыптастыру мақсатында оқушылар арасында ағарту жұмыстарын жүргізе отырып, олардың өздігінен жұмыс жасауды ұйымдастыру.

Оқу үдерісіндегі пәнаралық байланысты жүзеге асыру технологиялары. Танымдық қызығушылықты арттыру, оқыту деңгейінде ажыратылатын оқушылардың оқу материалын игеру үшін саралап оқыту технологиялары. Оқыту нәтижені өздігінен іздену, өздігінен білім алу, оқушыларға берілген пәндік материалды  шығармашылық, танымдық зияткерлік игергенге бағытталған. Оқытудың бағдарлы-тұлғалық технологиялар оқушылардың жеке қабілеттерінің, дамытуына қажетті шарттарды қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Ынтымақтастықта оқыту. Оқыту технологияларын қолдану. Денсаулық сақтау технологиясы.

Оқыту тәсілдері: Математикалық әдіс, математикалық пішіндеу. Танымның логикалық әдістері: талдау, синтез, дедукция, салыстыру, индукция, ұқсастық. Оқу қызметін ұйымдастыру түрлері: тұтас сыныппен жұмыс; оқушылардың топтық жұмысы; оқушылардың жеке жұмысы; деңгейлік саралау; мұғалімнің дәрістері; кеңесшілердің жұмысы; оқушылардың зерттеу жұмыстары. Жоспарланған нәтижелерді бағалау әдістері: формативтік бағалау мен жиынтық бағалау. Ағымдағы бақылау – ФБ, аралық бақылау – БЖБ мен ТЖБ.

Бибигул Адигуловна БЕЙСЕМБАЕВА,
Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп
гимназиясының 
математика пәні мұғалімі,
Алматы қаласының
Әуезов ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Тәлімгерлік тәжірибе: Математика практикумы бағдарламасын бағамдағанда 

  1. Бейсембаева Бибигуль Адигулованың алгебра пәнінен 7- сыныпқа арналған авторлық бағдарламасы оқушылардың жас ерекшелігіне жасалғаны, мазмұны мен мақсатын жүйелі түрде көрсете білген.
    Оқу бағдарламасының талаптарын ескерген, ізденушінің көптеген әдістемелік әдебиеттерді қолданғаны, мектептегі тәжірибесін де қолдана білгені
    көрініп тұр.
    Бибигуль Адигуловнаның авторлық бағдарламасы қазіргі таңдағы оқушылардың дарынды, білімді болуына ықпалы бар екеніне сенімім мол. Сонымен қатар тиімді жазылған.

Добавить комментарий