Мың алғыс мәртебелі мектебім!

Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла соңғы қоңырау, – дегендей жуырда еліміздің барлық орта білім мектептерінде биылғы түлектердің қоштасу кеші карантиндік сақтық шараларының негізінде ерекше жағдайда ұйымдастырылғаны баршамызға белгілі. Құтты шаңыраққа тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатынымыз даусыз. Өмірге жасаған алғашқы қадамымыз. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер ол мектепте өткен уақыт шығар.

Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппын. Мектеп – үлкен отбасы десек, ұстаздарымыз – ақылшы панамыз. Мектеппен қоштасу – балалықпен қоштасу. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзім де қайтадан сол кезге оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптардағы қызықтарды өткізгім келеді. Бүгінде мен – мектеп бітіруші түлектердің бірімін.

Мейлі, он бірінші сыныпты бітірмесем де, тоғызыншы сыныпты тәмамдап, қызыл аттестат иегері болдым. Осы арқылы өзіммен мақтанамын. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта менімен мақтанғанын қалаймын! Біздің мектепке келер болсақ, тоғызыншы сынып оқушыларынан он алты түлек (Айтбай Диана, Мирзагелдиева Арайлым, Сейдахметов Ерасыл, Маханбет Нұрмахан, Душабаева Дариға, Жақсыбайқызы Лаура, Үсен Назлы, Артықбай Әбілмансұр) қызыл аттестат алды.

Мектеп директоры Абилов Бауыржан Үмбетәліұлының айтуынша, бұл үлкен жетістік. Ал ендеше, мен жүрекжарды құттықтау тілектерімді айта кетсем. “Құрметті ұстаздарым – сынып жетекшім Малибекова Баян, Ахметова Райхан мен Мамбетова Маншүк және Сағындықов Марат және тағы да басқа майталман мамандар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөлене беріңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар. Бізді білім нәрімен сусындатып жүргендеріңізге мың алғыс!!!

Дариға Шухратқызы ДУШАБАЕВА,
Абылай хан атындағы №2 жалпы орта
мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы,
Түркістан облысының Мақтаарал ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

6

Добавить комментарий