Білім берудің жаңаша мазмұнына сәйкес пайдаланылатын ерекше әдіс-тәсілдер

Білім беру мазмұнын жаңарту болашаққа бағдарлану педагогтардың білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған. Қазіргі білім саласындағы тәжірибе білім беру үрдісінің мазмұны мен оның ұйымдастырылуына жаңа көзқарасты қалыптастыру, білім берудің жаңа технологияларын меңгеру-оқушылардың білім беру бағдарын өз бетінше таңдауына негіз бола алады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік үдерістер баланың жеке тұлғасына, ішкі жан-дүниесіне бағытталған жаңа оқу мақсаттарын құрастыруды талап етіп отыр, яғни өздігінен жаңалық аша білетін ұрпақты тәрбиелеу.

Жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру-бүгінгі күннің талабы. Оқушының алдағы уақытта оқу әрекетін меңгеруіне негіз болатын коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандары.

Диаграмма-1. Коммуникативтік дағдылар (тыңдалым, айтылым және жазылым). Оқылым дағдылары. Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым және айтылым дағдылары болып табылады. Тыңдалым дағдысының адамның ойлау қаілетінің дамуына ықпалы зор. Оқушы айтылған немесе техникалық құралдарға жазылған сөздерді, сөйлемдерді, аудиомәтіндерді тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды. Осы орайда сабақтарымызда жеті модульді тиімді қолдануға тырысамын. «Өзгерісті енгізу өзіңнен басталады», өзгеріс ену үшін алдымен мұғалім өзі өзгеруі керек.

Сондықтан сабақ барысында жаңашыл әдіс-тәсілдерді негізге ала отырып,осы  аталмыш дағдыларды бала бойына сіңіру мақсатында сабақтың әр кезеңінде  мүмкіндігінше қолдануға тырысамын. Мысалы: сабақтың кіріспе бөліміндегі ынтымақтастық орта құра отырып, тақырыпқа сай баланың психологиялық ахуалын зерттеу мақсатында, әр түрлі әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру арқылы қызығушылығын арттыруды жөн көремін. «Ыстық сезім»,  «Сенім» тренингтер» өткізіліп, өткенге шолу жүргізі барысында тақырыпқа байланысты рөлдік ойындар, өзара диалог құру, сұбхатқа түсу сияқты ойын түрлері мен  «Үш оқушымен кеңес» сынды тағы да басқа тәсілдер жүргізіледі. Нәтижесінде баланың көңіл – күйі сергиді, ерік-жігері дамиды, сабаққа ынтасы артады.Сабақтың негізгі бөлімінде сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу, жаңа материалды меңгеру кезінде «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модульдерінің әдіс пен тәсілдері техгологиялар әр сабағымызда көрініс тапты.

Мысалға: «ББҮ кестесі», «Insert», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Болжау», «ЖИГСО», «Өрмекші сызбасы», «Түйнек сызбасы», «Балық сызбасы». Қорытынды кезеңінде жаңа сабақ бойынша түсіндірілген мұғілім дәрісінен алған білімді жинақтау мақсатында жұптаса, топтаса отырып, өзара сұбхатқа түсу, ашық және жабық сұрақ даярлау, суреттеу, ой шақыру, пікір бөлісу сияқты кезеңдерде Эдвард де Бононың «Ақылдың алты қақпағы» «Венн диаграмасы», «Бес жолды өлең»,  «Ой толғау» тәсілдері пайдалану өте ұтымды. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді негізге ала отырып, диалог негізінде оқыту және оқу (merser 1995,  Alexander 2008) керектігін үйретуді іс-тәжірибеде қолдану. Диалог негізінде білім беру  мен білім алу оқушылардың  бір-бірімен  өзара сұбхаттасуы  және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің  шәкірттердің танымдық көзқарасын жүйелеуі мен дамуына көмектеседі.

Осы тұжырымға сүйене отырып, әр сабағымда пікірталас, әңгіме мен дебат және зерттеушілік ізденістің нәтижелерін кеңінен қолданамын. Сыныпта оқушылар берілген сұрақтарды топта, одан кейін сыныпта жан-жақты талқылау барысында жаңа сабақты бірге игереді. Сыни тұрғыдан ойлау бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қанығады, білгенін толық жеткізуге төселеді, нақты дәлелдер келтіруде дағдыланады. Теория мен практиканы ортақ мақсатта біріктірумен қатар жеке және топтасу жағдайында мәселенің түйінін шешудің жолдарын анықтауға жаттығатандығы даусыз. Әрі олар жолдастарының пікірін тыңдап, өткір сындарды тыңдау барысында кемшіліктерді түзетудің мүмкіндіктерін қарастыруды үйренеді. Білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану – заман талабы. Әр сабағымды түрлендіріп өткізуге тырысамын.

Сабақта интернет ресурстарын, ұялы телефон, ұшқыр қондырғылар, компьютер немесе ноутбук пайдалану қазір ешқандай мұғалімге, оқушыға таңсық емес және оларды күнделікті сабақта пайдалану дағдыға айналды. Бұл аталған АҚТ қолдану оқушы қызығушылығын арттырады, есте сақтау қабілеті жоғарылайды. Өйткені естігеннен көрген, көргеннен қолмен ұстап пайдаланған есте жақсы сақталатындықтан ынталандырушы белсенділіктері артады. Интерактивті тақта арқылы оқытуды басқа тәсілдермен салыстырғанда, көптеген жетістіктері бар. Сабақта интерактивті тақтаны бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. Және пайдаланға өте ыңғайлы әрі уақыт үнемдейді. Тақырыпты тереңірек түсіндіру барысында интерактивті тақтаға жүгіну білім өрісін кеңейтуге жетелейді.

Диаграмма – 2. Білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану нәтижесінде.  Қорыта келгенде, жаңаша әдіс – тәсілдерді негіздей отырып, оқушының оқу сауаттылығын дамыту арқылы оқушы білімді өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алады, өздігінен терең ойланып, тұжырым жасайды, өмірде ең керекті білік пен дағды – қоғамда пайдаланады, қарым-қатынас құра білуге бейімделеді.

Раушан Орынбекқызы КУЗЕМХАНОВА,
“Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығының физика пәні мұғалімі, Қарағанды
облысының Балқаш қаласындағы филиалы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий